Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Елена Рыбакина турнирдің төртінші раундында әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездесті.
Бірінші сетте есеп 3:1 болғанда бразилиялық теннисші медициналық үзіліс алды. Бұған оның жарақаты себеп болды.
Беатрис Хаддад Майя үзілістен кейін тағы бір гейм ұтылып, турнирден шығуға мәжбүр болды. Бразилиялық теннисші осы сәтте көз жасын тыя алмады. Ал Елена Рыбакина оған қолдау білдірді.
Матч 28 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 3 эйс пен бір қос қателік жасап үлгерді.