Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 3-орын) Уимблдон-2023 турнирінің үшінші кезеңінде де жеңіске жетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап жазды.
Жекелей сында Рыбакина америкалық Шелби Роджерсті (49-орын) - 4:6, 6:1, 6:2 есебімен, француз Ализе Корнені (74-орын) - 6:2 , 7:6 есебімен Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерді (89-орын) – 6:1, 6:1 есебімен жеңіп, 1/8 финалға шықты.
Осылайша, қазақстандық теннисші 240 120 еуро көлеміндегі жүлде мен 240 рейтингтік ұпайға ие болды.
Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы бразилиялық теннисші Беатрис Аддад Майя (13-ші) болмақ.
Елена Рыбакина - қазіргі Уимблдон чемпионы.