Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Бұдан бұрын жазғанымыздай, бірінші сетте Елена Рыбакина тай-брейкте қарсыласынан басым түскен еді.
Жаңбырға байланысты үзілістен кейін матч қайта жалғасты.
Екінші сетте Д.Пегула брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты – 5:4. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.
Осыған дейін Е.Рыбакина Д.Пегуладан екі рет жеңілсе, соның есесін бүгін қайтарды.
Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.
Е.Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен таласады.