Әлем чемпионатына жолдама қолда: Елена Рыбакина ұтты

Астанадағы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан - Польша матчында еліміздің бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина қарсыласын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетпен шеберлік байқасты.

Кеше 2:0 есебімен алға шыққандықтан, Қазақстан құрамасына командалық әлем чемпионатына жолдама алу үшін енді бір ғана жеңіс жеткілікті еді.

Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Е. Рыбакина брейк жасап, сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Екінші сетте қазақстандық спортшы 2:0 есебімен алға кеткенімен, М. Линетт таразы басын теңестірді. Дегенмен, Елена қайта брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін бірінші матчболын пайдалана білді – 6:2.

Осылайша, Қазақстан Польшамен матчта 3:0 есебімен алға шығып, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Бүгінге жоспарланған қалған екі кездесу ойналса да, ештеңені шешпейді.

Бір сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында Елена Рыбакина 3 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Матчтан соң Елена Рыбакина барлық жанкүйерлер мен командасына алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Польшамен матчта Юлия Путинцеваның Қазақстанды алға шығарғанын жазған едік.

Сондай-ақ, Қазақстан - Польша матчында Елена Рыбакина есепті 2:0-ге жеткізді.

Елена Рыбакина биылғы топырақ төсенішіндегі алғашқы матчтың оңайға түспегенін айтты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста