Александр Бублик алғаш рет ірі жарыстың жеңімпазы атанды

Александр Бублик алғаш рет ірі жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен бас жүлдені сарапқа салды.

 

Осыған дейін А. Бублик жеті рет ATP жарыстарының финалына шығып, соның біреуінде ғана, өткен жылы Монпельеде жеңімпаз атанған еді. Оған қоса, ATP 500 деңгейінде финалға алғаш рет өтіп отыр.

 

Матчты брейкпен сәтті бастаған қазақстандық теннисші бірінші сетте сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3.

 

Екінші партияда есеп 3:2 болған мезетте ресейлік спортшы брейк жасап кетті – 6:3.

 

Үшінші, шешуші сетті А.Бублик брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.

 

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Бублик 21 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 11 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

 

Осылайша, Александр Бублик өз спорттық жолында алғаш рет ATP 500 додасының чемпионы атанды.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Германиядағы жарыстың финалына шыққанын жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ, Александр Бублик Германиядағы турнирдің финалына шыққаннан кейін өте бақытты екендігін жеткізді.

 

Ал, Бейбіт Жұқаев Истбурн турнирінің іріктеу сатысын сәтті бастады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста