Фариза қыз Арқадан келіп, Алатауға бас иді

Фариза қыз Арқадан келіп, Алатауға бас иді

Алты алаштың атын айдай әлемге танытқан талай тарландарды талбесігінде тербеткен Алматының өткен жылдың желтоқсанынан бері сарылып, сарғая күткен бір қуанышы бар еді. Ол бүгінде поэзия атты патшалықтың мәртебелі падишасына айналған ақын қызының мерейтойы болатын.

Алғаш Сарыарқаның төріндегі елордамызда бастау алған сол «бір тойды» – Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың 70-ке толған туған күнін Алматы жұртшылығы араға ай салып, қаңтардың 23-і күні Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында дүбірлетіп өткізді.

Сахна пердесі түрілгенде, көз алдымызда көгілдір де көбікті толқыны жағаны ұрып, теңіз тербеліп жатты. Бұл ақынның кіндік қаны тамған жері, қарт Каспийдің жағалауы болатын. Періште қыздың жүрегін жарып шыққан пәк жырларын тұңғыш тыңдаған сол теңіздің толқындары, айдындағы аққуын айнытпай келтірген көрініске күлімсірей қарап, бір кездегі өзінің жастық шағын ой елегінен өткізіп Фариза ақын отырды.

Көріністегі Мұқағали ақынның жыр әлеміне енді ғана есік ашқан Фаризадай қарындасына айтқан ағалық ақылы кештің әдемі алғысөзі болды. Содан соң сахнаға еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза көтеріліп, өзінің інілік ілтипатын: «Қадірменді өнерсүйер, поэзияны қадірлейтін қауым!

Фариза апамыздың поэзияға көк қанат, жас қауырсын болып алғаш қосылған періште кезінен бастап бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналғанға дейінгі бүкіл өміріне, бүкіл шығармашылығына, бір жағы, риза болып, бір жағы, ерекше сыйлап, қадірлеп келе жатқан бір ерекше замандасы бар. Ол – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев», – деп білдіріп, Елбасының арнайы құттықтау хатын оқып берді.

Нұрлан ОРАЗАЛИН, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы:
– Сіздің «Мен саған ғашық емес ем» деген тұңғыш өлеңіңіз «Лениншіл жаста» жарияланған бетте-ақ жұртшылықты жалт қаратқан еді. Алыптарымыздың бәрі бір сәт аузын ашып, көзін жұмып, «апыр-ай, қазақ әдебиетіне қандай құбылыс келді» деп құшағын жайғаны есімізде.

Бұл өткен ғасырдың 70-жылдары болатын. Біз ол кездері сіздің әрбір жаңа жырыңызды қол соғып, қолпаштап жүрген бауырларыңыз едік. Қазақтың мұңын жасырмай, бүкпей айтып салатын қайсар мінезіңізбен, өзіңізге жарасатын жайсаң мінезіңізбен Астанаға қоныс аударғаныңызға біраз болып еді.

Бүгін Атырау мен Арқаны қос қанатыңызға мінгізіп келіп, Алатауға бас иіп амандасып отырған сізге той құтты болсын дейміз!

Жырларына шөліркеген жұртының сусынын қандыра өлең оқуға шыққан Фариза апамыз Мұқағали, Төлеген, Жұмекен сынды кезінде қатар жүрген, жарыса жыр жазып, қазақтың мұңын бірге мұңдасқан замандастары бұл күні бақилық болғанын айтып өтіп, өзінің сондай қазаға көңіл айта алмайтын, күні кеше жарқырап жүрген құрдастарының ауруға жеңілген жүздерін көруге қынжылатындықтан, көңіл сұрап бара алмайтын әдеті үшін халық алдында кешірім сұрағандай болды. Жиналған жұрт Фариза Оңғарсынованың отты өлеңдерін сілтідей ұйып тыңдады.

Арасында ақынның сөздеріне жазылған әндерді Нұрғали Нүсіпжанов, Мақпал Жүнісова, Ғафиз Есімов сынды елімізге белгілі әншілер орындады. Темірхан Медетбек, Маралтай сынды апамыздың өкшесін басқан ақын інілері арнау өлеңдерін оқыды. Ал кеш соңында қазақтың Құрманғазы атындағы академиялық халық саз аспаптар оркестрі күймен шашу шашты. Бір кездері ақын апамыздың өзі де осы оркестрдің құрамында өнер көрсетіпті. Сахнадағы үлкен экран арқылы Фариза Оңғарсынқызының сол кезін тамашалап, тіпті ақын апамыздың өзі де сол кезді еске алып, бір күй шертіп жіберді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста