Ресейлік теннисші, 16 жастағы Мирра Андреева азаматтығын ауыстыруды көздеп жүр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Мирра Андреева Ресей теннисінің жас жұлдызы саналады. Ол Уимблдон турнирінде 1/8 айналымға дейін жетіп, жанкүйер көзайымына айналған болатын.
Кейін Мирраның Франция азаматтығын алуды көздеп жүргені туралы ақпарат тарады.
Мұны Ресей теннис федерациясының басшысы Шамиль Тарпищев те растады.
"Азаматтық ауыстыру туралы мәселені Андрееваның ата-анасы көтеріп отыр. Біз бұл жерде ештеңе істей алмамыз", - деді Тарпищев.
Айта кетелік, Мирра Андреева Ресей азаматы болғаныман, Францияның Канн қаласында тұрады жәрне сол жақта жаттығады. Ол әлемдік рейтингте 102-орында тұр.