Наурыз символы – «Өмір ағашы» болса...

Тоққожа ҚОЖАҒҰЛОВ, суретші, «Дарын» сыйлығының лауреаты, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры:

 Наурыздың ең басты символы ретінде әр шаңырақта, балабақша, мектептерде «өмір ағашы» орнатылса. Біздің арғы түсі­ні­гімізде дүниені  Тәңір жаратқанда ең ал­дымен  алтын жұмыртқа пайда болған. Жұ­мыртқаның үстіңгі қабығынан көк аспан, астыңғы қабығынан жер пайда бо­лып, жерден ең бірінші өмір ағашы шықты деген сенім бар.  Астанадағы «Бәйтеректі» алсақ, оның үстінде алтын жұмыртқа бар, бұл адамзаттың тарауын білдіреді. «Өмір ағашын» декоративті етіп жасау керек сияқ­ты Ағаш көк түстен жасыл түске ауы­сып, жапырақ жайып тұруы керек. Бұл – қыстан жазға ауысудың, өсіп-өнудің сим­волы.  Образды түрде алма ағашын немесе ерте гүлдейтін шие ағашын алуға болады. Өмір ағашын түрлі ойыншықтармен, ертегі кейіпкерлерімен, төрт түлік иелерімен жә­не түрлі тілектер, баталар  жазылған ойын­шық­тармен безендіруге болады. Ағаштың астына балаларға арналған сыйлықтар қойылады. Өмір ағашының ең басына әдемі құс ілінеді. Бұл «бақыт құсы» ша­ңы­ра­ғыңа бақыт құсы қонды деген сим­во­ли­каны білдіріп тұрады. «Алтын адамның» баскиімінде таулар, өмір ағашы, бақыт құсы бейнеленген. Қазақтың түсінігінде жеке-дара өскен ағаш киелі деп есептеледі. Айдалада өсіп тұрған ағашқа шүберек байлап кету бізде әлі сақталған. Қазақтың шежіресінің өзі, халықтың өсіп-өнуі  аға­ш­тың тамырына баланады. Қазақ деген ха­лық­тың тамырынан үш жүздің баласы таралып жатыр.  «Өмір ағашы» – ұлттың діңі. Жаңа жыл біткен соң бұл ағаш үйдің бір бұрышынан орын алатын, сәнін кір­гі­зе­тін әдемі ағаш болуы шарт. Сондай-ақ қа­зіргі балалардың түсінігіндегі шырша, Аяз Атаны алыстатып, Қызыр атаның сый­лы­ғын күтуге тәрбиелеуіміз керек.  Міне, осындай түпкі дүниетанымымызға сай ақыл-ойға сыятын дүниелерді енгізсек, сонда ғана біз роботқа айналып бара жатқан балаларымызды ұлттық тәрбиемен сусындата аламыз. Тағы бір қосарым: барша Қазақстан халқына 22-29 наурыз аралығында жеті күн демалыс беру керек. Жеті саны – қазақ үшін киелі сан. Нау­рыз­көже де жеті дәмнен әзірленеді. Бір апта демалыстан мемлекетіміз біраз ақша ұтылуы мүмкін, есесіне, мемлекеттің тұ­тас­тығын ұтамыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста