Қазақтың ақ пейілінің арқасында аман қалдық

Мұхтар Бокаевтың ұлты – шешен. Тағдырдың жазуымен қазақ жерінен пана тапқан Мұхтар ақсақал ұзақ жылдар Бөрлі аудандық мұрағатын басқарды. Қазақша сөйлеп қана қоймай, қазақша ойлайды, тіпті қазақша қалам тербеп, әңгіме жазатыны бар.
– Шешендердің Қазақстанға келуінің өзі бір қиямет-қайым болды. 1944 жылы ақпанның 23-іне қараған түні шешен хал­қын зорлықпен жер аудару басталды. Біз ол кезде Шарой ауданының Шихарой ауы­лында тұ­ратынбыз. Мен бес жасар ба­ла­мын. Әкем Янарсай әлі 30-ға да тол­ма­ған, нағыз қайратына мінген шақта, 1941 жы­лы май­данға кеткен. 25 жастағы ше­шем­ді үш баласымен жер аударды. 24 са­ға­ттың ішінде тауар тиейтін 183 вагонға тұ­тас бір ұлтты тиеп, атамекендерінен қуды. Бір отбасы бөлініп кеткен жағдайлар да кез­десті. Әкемнің інісі Юнустың жанұясы үш­ке бөлініп кетті. Кейін олар бір-бірін әзер іздеп тапты. Аш-жалаңашпыз, күн суық. Жолда көрген азабымызды тірі жан­ға бермесін. Жер аударылған халықтың жар­тысы жолда көз жұмды. Сонымен біз­ді Оңтүстік Қазақстан өңіріне, Леңгірге жет­кізді. Әрі қарай өгіз арбамен Қасқасуға әкелді. «Кісі жегіштер, ұры-қарылар келе жатыр» деген жалған үгітке сенген жер­гі­лікті халық бастапқыда бізді тосырқай қар­сы алды. Кейін біздің тірлігімізді көрген соң, арадағы тоң жібіп жүре берді. Біз қазақтың ақ пейілі мен дарқандығының ар­қасында ғана аман қалған халықпыз. Ше­шендер қазақтарға шаш етектен қарыз­дар, – дейді Мұхтар ақсақал өткен күндер­ге ой жүгірткенде.
«Шешендерге көмектеспеңдер, олай іс­тесеңдер, өздеріңді құртамыз» деген бұй­рыққа қарамастан, қазақтар басын бәй­геге тігіп, шешендерге көмектесті. Өмір­ден озған шешен азаматтарын қара жер қойнына бергенде мұсылмандықпен жәр­демдесті. Мұхтар ақсақал сол бір қи­ын-­қыс­тау жылдарда жан жылуын ая­ма­ған Абы­лай, Жамал, Сарай, Базар, Жол­ды­бай секілді қазақ азаматтарын ри­за­шылықпен еске алып, жұма сайын олар­дың рухына Құран бағыштайды екен.
1963 жылға дейін шешендерге деген сенімсіздік сеңі сетінемеді. Сол жылдан бас­тап оларға Қазақстанның бір облысы­нан екіншісіне көшуге рұқсат етіледі. Шым­кент пединститутын тамамдаған Мұхтар Бо­каев Қазақстанда қалады да, соғыстан аман оралған әкесі Янарсай отбасын алып, Ше­шенстанға қайтады. Әкем маған: «Ба­лам, сен осында қалып, қазақ халқына қыз­мет ет. Біз қазақтар алдындағы қары­зы­мыз­ды өте­уіміз керек», – деп өсиет айт­ты дей­ді Мұхтар ақсақал. Қазақстан Мұх­тар­ға құт мекен болды. Осында жар сүйді, ба­лалы, немерелі болды. Ел-жұртқа сыйлы ақ­сақал қазір Бөрлі ауданының Құрметті азаматы, Ақсай қалалық ардагерлер кеңе­сінің төрағасы.
– Шешенстандағы соғыс халықты қат­ты тұралатып кетіп еді. Қазір, Құдайға шү­кір, жағдай түзеліп келеді. Ол жақта да біз­дегі Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді ұйым құрылған. Шешенстанда 650 қазақ тұрады. «Отан» деген ұйымдары да бар. Біз жақсылықты ұмытпаймыз. Шешенстан­ның бас шаһарында Абай мен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көше бар. Елбасының мүсіні орнатылған. Өзім де үлес қосайын деп шешен халқының 67 ер­те­гісін қазақ тіліне тәржімалап шықтым. Енді шешен халқының ауыр тағдыры тура­лы бір шығарма жазсам деп жүрмін, – дейді Мұх­тар Бокаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста