Қаракөл терісі теріскей жерінен араб асады

Қаракөл терісі теріскей жерінен араб асады

Теріскейліктердің қаракөл мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыстары өз нәтижесін бере бастады. Бүгінде Созақ ауданында екі бірдей шаруашылық - «Құмкент» және «Қара құр» өндірістік кооперативі қаракөл қойын өсірумен айналысады, - деп хабарлайды "Алаш айнасы" rgmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Елбасы елдің әлеуетін арттыратын бағыт ретінде ауылшаруашылығы саласын атап өткен болатын. Агросаланы дамыту мақсатында жер емген диқандар мен төрт түлік мал баққан шаруаларға көптеген қолдаулар көрсетіліп келеді. Мемлекет тарапынан ауылшаруа­шы­­лығын қолдауға арналған, қаржы­лай көмек беретін жобалардың бірі – «Сыбаға» бағдарламасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың қаңтарындағы халыққа арнаған Жолдауында: «Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамытуға арналған теңдессіз жоба іске асырылады», – деп мәлімдеді. Бағдарлама ауылда мал өсіріп, оның басын көбейтуге ниет еткен халыққа зор мүмкіндік берді. Бұл бағдарлама шаруашылықтардағы, жеке мал иелеріндегі жергілікті мал­дың тұқымын ет бағытында асыл­дан­дыру арқылы мүйізді ірі қараның ет өнімділігін арттырып, еттің өзіндік құнын арзандатуды, мал басын өсіріп, мал шаруашылығы саласында қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейді. Осы секілді мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын теріскейлік шаруалар да сезініп отыр. Созақ ауданында бүгiнгi таңда мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының бәрi еттi қой түрлерiн өсiрумен қарқынды түрде айналысуда. Ал сала мамандары көзін тапса, қаракөл шаруашылығынан келер табыстың көл-көсiр болатынын айтады.
Тамыз айында мемлекеттік бағдарлама аясында ісін дөңгелетіп отырған «Қара құр» өндірістік кооперативі 1238 бас қаракөл тоқтысын Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортқа шығарып, тиімді бағада сатты. Шетелдіктердің қой алудағы талаптарынан толықтай шыққан кооператив жетекшісі жыл соңына дейін тағы да бірқатар қаракөл қойын шетелге сатуды жоспарлап отырғанын айтады. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста