Мақтаның маңызын арттырсақ...

Мақтаның маңызын арттырсақ...

Оңтүстік Қазақстан облысы мақта өсі¬ретін бірегей өңір болып табылады. Әдетте, мақтадан ор¬та¬ша есеппен гектарынан 26-27 центнер өнім алынса, те¬рең қопсыту технологиясын пайдаланудың арқасында бүгінде оңтүстіктегі шаруалар 40-45 центнер өнім жинап жатыр. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 213 мың тонна мақта алын¬ған болса, ағымдағы жылы 277,0 мың тонна мақта жинау күтілуде. Демек мақта егуде алға даму бар.

 

Бір ғана Ордабасы ауданында 7130 гектар жерге мақта ексе, мақтаның Отаны Мақтарал ауданы 208 411,8 гектар жерге мақта еккен. Бүгінде мақтаның жаңадан шығарылған сорттары мақталық алқаптардың 75 пайызын құрайды. Мақтааралдық шаруалар кейінгі жылдары тек өнім өсірумен шектелмей, оны өңдеуге де ден қоя бастады. Бұл үлкен жетістік. Мақта елімізде тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өседі. Онда да бір-екі ауданда ғана болмаса қалғаны бұл техникалық дақылды өсіруге құлықсыз. Бір замандарда облысымыздың біраз бөлігінде мақта егілгені жайлы дерек бар. Мамандар мақта шаруашылығы біздің елде ежелден бар дейді. Тіпті, 1917 жылдары "Кеңес одағы АҚШ-ты мақта өндірісінен басып озамыз" деген мақсатпен сонау Жамбыл облысына дейін мақта егілгенін айтады. Ал, әйгілі Мақтаарал ауданы да осы мақсатпен 1924 жылы құрылған. Түлкібас ауданында Мақташы, Мақталы деген бөлімшелердің барлығы бұл өңірлерге де мақта егілгенін айғақтайды. Шын мәнінде мақтаның маңызы зор. Бір ғана мақтадан 35-40 түрлі дайын бұйымдар жасайды. Бірақ өкінішке орай біз оның бәрін жасай алмаймыз. Біз мақтаны өндіреміз де оны экспортқа шығарамыз. Шикізат күйінде сатылған соң бағасы да арзан болады. Мақта шаруашылығының майталман мамандары мақтаның мемлекетіміз үшін маңызы зор екендігін айтады. Ең бастысы, алдағы уақытта шикізат өзімізде өңделетін болса, бұл саланың да бойына қан жүгіріп, тасы өрге домалайтынына толық сенім бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста