Төрт балама ана іздеймін

Төрт балама ана іздеймін

Тағдырдың басқа салғанынан ешқайда қашып құтыла алмайды екенсің. Жас кезімізде көп нәрсенің байыбына үңіліп те қарамаған екенмін. Жас ұлғайған сайын артыма қайырылып, «қайран жастық шақ-ай» деп күрсінгеннен басқа амал қалмайды. Менің сүйікті итерент порталыма айналған «Алаш айнасына» хат жолдап отырмын.
Тағдырдың сынына ұшыраған жанның бірімін. Бір күннің ішінде отбасымның ойраны шықты. Он екі жыл отасқан, сүйіп қосылған жарым маған опасыздық жасады. Төрт баламмен шырылдатып бір күнде ашынасының соңынан еріп кете барды. Еңіреп, жылап, шырылдап қалған балаларына да қайрылмады.
Менің басымнан өткен оқиғаны оқып шығып, мүмкін сайтқа жариялайтын шығарсыздар. Әрине, жарық көріп оқырман қауымға жеткенін қалаймын. Себебі, қазағымның мен секілді арыстай азаматтарының қиналғанын қаламаймын. Менің басымнан өткен қателік оларға да сабақ болса екен.
Балаларым болса өсіп келеді. Алды мектепке барады. Сол себепті де, үй салуға кірістім. Екі күн қатарынан жұмыстамын қолым қалт етсе болды үйдің құрылысын салуға кетемін. Сөйтіп, үй саламын деп үйдің бетін де көрмей кеттім.
Әйелім маған көмек болсын деп ол да жұмысқа орналасты. Жеке-меншік бір фирмада ұзаққа жолға шығатын камаздардың кестесін жазып отырады. Балаларым бір-біріне қарап, үйге барғанда біздің жоқтығымызды білдірмей отырады. Шынымды айтсап апталап, кейде айлап әйелімді көрмейтін болдым. Көктемнен қара күзге дейін осылай жүрдік.
Күн суытқанша үйді тұрғызып алдым. Тек ішіндегі жұмыстары ғана қалды. Жұмыстан кейін сонда барып оны-мұны жасап шаршап түннің бір уағында үйге жетемін. Тамағымды зорға ішемін де төсегіме келіп құлаймын. Шаршап тәтті ұйқыға кеткен кезде әйелім қасыма келіп, мені аймалай бастайды.
Шаршап ешнәрсеге әлім келмейді. Өзімнің еркектік қызыметімді дұрыстап атқара алмадым. Оған әйелім қатты ашуланатын. Оны «үйімізге кірген соң бәрі бұрынғыдай болады» деп айтатынмын. Әйелімді де түсінемін. Бірақ, менің бар арманым, үйімізге тезірек кіріп, балаларымды және жан жарымды бір қуанту еді. Құрылысшылар жалдайын десем қу ақша жетіспейді. Амал жоқ бәрін өзім ақырындап жасап үйді 3 жылда тұрғыздым.
Қыс бітіп, көктем де келді. Қалған майда-шүйде жұмысын бітірейін деген оймен тағы да үй бетін көрмей үйдің құрылысының басында жүрдім. Мен сыртта жүріп көп нәрсені байқамаған екенмін. Осы үш жылдың ішінде әйелім қатты өзгеріпті. Соңғы кездері Жанар түнде жұмыс жасайтынды шығарды. Оған да көндім. «Жұмыстан шығып үйде балалардың қасында отыр» деп талай айттым. Бірақ тыңдамады. Бір күні ұялы телефоным шырылдайды, тұтқаны көтерсем қызым «әке үйге келіңізші, біз жалғызбыз мамам он күн болды үйге келген жоқ. Нан алатын ақшамыз бітіп қалды» деді. Оны ести сала алып-ұшып үйге келдім. Балаларыма дүкенен керек-жарағын алып бердім де, әйелімді іздеуге кеттім. Жұмысына бардым. Жанар жоқ. «Он күнге сұранып кеткен» деп айтты. Жұмысындағы апайға қарап «түнгі жұмыстан шаршаған болар» дедім. Ол кісі маған түсінбей қарап «бізде түнгі кезек болған емес, оны қайдан шығардың?» деп айтты. Бірақ, мен ол кісінің айтқан сөздерін жамандыққа жорымадым. Әйелімнің құрбыларының үйлерін де аралап шықтым. Жанарды таба алмай шарадай басым шақшадай болып үйге қайттым. Түнгі сағат 12-нің кезінде Жанар хабарласты. Аржақтан оның жылаған даусы естілді. Тұрған жерін ести сала алып-ұшып сонда бардым. Мән-жайды сұрап едім «жұмыстан келе жатқанда мені біреулер тонап, ұрып кетті. Он күн ауруханада жаттым» деп ақталды.
Жанардың қасында болайын деген оймен демалған кезімде үйде болуға тырыстым. Кешкі асымызды бізге дайындап берді да, әйелім «менің жан құрбымды күйеуі ұрып тастапты, соған мені үйіне шақырып жатыр. Мен сонда барып келемін» деді. Ол құрбысын білемін. Танитын болғандықтан Жанарға «асымызды ішіп алайық, сосын өзім апарып, алып қайтамын» дедім. Оған бой бермей үйден кетіп қалды. Алып қайтпақ ниетпен Жанарға қоңырау шалдым. Телефоны өшірулі тұр. Жұрт қалың ұйқыға кеткенде үйге келді. Кіре төсекке жатып қалды. Оны аймалап, сүймек болып едім «мен шаршап тұрмын» деп теріс қарап жатып қалды.
Кеш батса болды Жанар кетуге асығып тұратын әдет шығарды. Оның бұл қылығын көпке дейін түсіне алмай жүрдім. Жұмыстағы бастықтарым көпбалы отбасы ретінде отбасымның құжаттарын сұрады. Құжаттар тұрған тартпаны ашып қарасам менің және балаларымның құжаттары тұр. Ал, Жанардың құжаты түгелімен жоқ. Әйеліме қарап «сенің құжаттарың қайда?» деп сұрадым. «Құрбым несие әперемін деген соған бердім» деді. Жанарға ертең құжаттарды жұмысқа алып баратынымды айтып, түсіндіріп әлекпін. Ол киініп алды да, «онда мен құжаттарыма барып келемін» деді. «Көлік бар, бірге барамыз» дегеніме. «Балабақшада жиналыс мен сонда соғамын, сен жұмысыңды жасай бер, демалысыңды пайдаланып үйдің құрылысын тезірек бітір» деп кетіп қалды. Жанардың артынша мен де құрылысқа кеттім. Күн батып, дала қараңғы болған еді. Ойға шомып отырған тыныштықты ұялы телефонның үні бұзып жіберді. Өзім селт ете қалдым. Тұтқаны алсам, бейтаныс әйелдің даусы. Баж-баж етеді. Түсінбедім. «Бала сендерге керек емес пе? Сағат қанша болғанын білесің бе? Сендер өзі қандай ата-анасыңдар?» деп айқайға басты. Ол кісіні сабырға шақырып, мән-жайдың анығына жеттім. Әйелім кенже ұлымды балабақшадан алмаған екен. Сонда Жанар қайда кетті? Осындай ойдың жетегіне түсіп, балабақша тәрбиешісінің үйінен баламды алып қайттым. Таң атқанша көз ілмедім. Көп ойландым. Ертеңіне таңертең Жанардың жұмысына бардым. Жұмысындағылар тағы да «әйеліңіз он күнге сұранып кетті, ол жұмыста емес» деп шығарып салды. Жанарды іздемеген жерім қалмады. бірақ, таба алмадым.
Жұмыста отырсам үлкен қызым қоңырау шалып «папа тезірек келіңізші, мама киімдерін жинап кетіп барады. Мамамды тоқтатыңызшы. Бізді тастап кетіп барады» деп сөздерін өксіп-өксіп, үзіп-үзіп айтты. Жұмысты тастай салып, көлікке отырдым да, үйге тартып келдім. Келсем үйдің іші жайрап жатыр. Төрт балам төрт жақта жылап отыр.
Балаларымды құшақтап, оларды жұбатумен әлек болдым. Ертеңіне таңертең ерте тұрып Жанардың жұмысына бардым. Оның үйге қайтуын өтіндім. Аяғына да жығылуға дайын болдым. Бірақ, ол үйге қайтпады.
Үйдің құрылысы жайына қалды. Жұмыстан шыға үйге қарай жүгіремін. Балаларымның тамағын жасап беремін. Бір күні үйде отырсам бейтаныс жігіт үйге келді. Үлкен камазбен дарылдап есіктің алдына тоқтады. Қасыма жақындап «аға Жанардың басын босатыңыз. Біз бір-бірімізді сүйеміз. Екеуміз үйленеміз» деп айтты. Оған жағдайды түсіндіріп әлек болып тұрдым. Бірақ, жас жігіт оны түсінер емес. Көлігіме отырып Жанардың жұмысына бардым. Әріптестерінің көзінше қолынан сүйреп шығарып машинаға отырғызып, тағы да үйге қайтуын өтініп жалындым. Сонда он екі жыл отасқан әйелімнің айтқан сөзі «Мен ол жігітті сүйемін. Бақытымды енді таптым. Менің басымды босат. Маған бала да, үй де керек емес. Тек бостандық берсең болды. Осы уақытқа дейін сенен бір рет те қанағаттана алмадым. Ол жігіт бақыттың не екенін көрсетті маған» деп көліктен түсіп кетті.
Үйге келсем балаларымның көздері жәудіреп «мамам қайда?» дегендей маған қарады. Оларға не айтарымды білмей, ызаға булығып шығып кеттім. Көлікке отырдым да, қаланың сыртына барып өлмек болып екі қолымды бос қойып, көзімді жұмып отырдым. Басқарушысы жоқ көлік, бағанаға барып қатты соғылды. Есімді жинасам, ауруханада жатырмын. Балаларым менің тірі екенімді көріп жылап жіберді. Үлкен қызым «папа сіз бізді тастап кетпеңізші, біз сізден басқа ешкімге де керек емеспіз. Сізден айрылып қалсақ, біз кімді паналаймыз, күніміз не болмақ?!» деп құшақтап өксігін баса алмай отыр. Он екіге жаңа толған қызымның басына қара бұлыт үйірілді. Өзінен кейін ерген сіңілісі мен інілеріне қарап қамқор болып жүр. Балаларым анасына керек болмаса, өзіме керек. Олардың жылағанын көргім келмейді. Ауруханадан шығып, жұмысыма қайта кірісіп, балаларым үшін өмір сүріп келемін.
Бұл жағдайдан кейін достарымның басым бөлігі менен теріс айналды. Бетіме де, сыртымнан да күле қарайтын болды. Ағайын-туыс, дос-жаранмен араласудан қалдым.
Екі жылдан бері балаларыммен біргемін. Оларды қатарынан қалдырмауға тырысып бағаудамын. Бірақ, бәрібір ананың алақаны мүлдем бөлек. Аналарын іздейді, сағынады. Ботақандарымның көздеріндегі мұңды көріп, жүрегім ауырады. Махаббатқа басы айналған шешелерін қайтара алмасым анық. Осы екі жылдың ішінде балаларын іздеп бір келмеді. Мен оның жұмысына барып «балалар сені сағынды, үйге барып қайтқаның жақсы болар еді» деп өтінемін. Ал, ол болса «үйге барсам сен мені жібермей алып қаласың» дейді.
Әсіресе, кішкентай ұлым мен қызым анасын қатты сағынып жүр. Түнде шошып, жылап оянғанда өзімді қоярға жер таппай қиналып кетемін. Шешелерін сағынып ауырып ауруханаға да талай жатып шықтық. Жанарды сонда да шақырып келтіре алмадым. Менен теріс айналды. Ал, балалардың жазығы не?! Бауыр еті балалары емес пе?! Тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтерген сәбилері ғой?! Балаларымның жазықсыздан қиналғанына қатты қапаланамын.
Осы уақытқа дейін балаларымның алдында өзімді кінәлі адамдай сезініп келемін. Мүмкін, екеуміздің тағдырымыздың екі жаққа кеткеніне мен де кінәлі шығармын?! Әйеліме қаталдық көрсетпей, өз еркімен бос жібергенімнен қателескен болармын?! Үй саламын деп үй бетін көрмей, әйеліме қарауға да шамам келмей кеткенім менің үлкен ағаттығым болар. Осы секілді ойлар маза бермейді. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген тап рас екен. Басыма түскен қайғыммен арпалысып өмір сүріп келемін. Бәр қиындыққа балаларым үшін төзіп жүрмін. Себебі, олардың менен басқа ешкімі жоқ.
Апаларым «үйлен балаларыңа ана керек» деп сөйлескен сайын айтады. Екінші әйел балаларымның туған анасындай болады ма?! Балаларыммен тіл табыса алмай үйде күнде ұрыс-керіс болса қайтемін?! Бойжетіп қалған қызымды, ержетіп қалған ұлымды ойлаймын. Олардың көңілдеріне кірбің түсіргім келмейді. Аналарынан тірідей айрылған балаларымның болашағына қатты алаңдаймын.
«Жалғыздық тек Құдайға жарасқан» деп бекер айтпаса керек. Өзіме адал жар, төрт балама ана болатын жан іздеп жүрмін. Балаларымды туғанынан кем санамайтын адал жар тапсам деген ниетім бар. Менің басымнан өткен оқиғамды оқып, маған адал жар, балаларыма ана болатын асыл жан табылар деген үміттемін...
Серік, Тараз қаласы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста