Жүректі жігіттер Шымкент төрінде «шайқасты»

Қуантқан САПАР (фото)

Жуырда шырайлы Шым­кент шаһарында ұлт­тық жекпе-жектен тұңғыш рет Қазақстан кубогы өтті. Бұл до­да­ны Қазақстан Рес­пу­бликасы Спорт және де­нешынықтыру агент­тігі мен Оңтүстік Қа­зақ­стан облысы әкім­ді­гінің қолдауымен Рес­публикалық жекпе-жек федерациясы ұйымдастырды.
Жастар мен ересектер арасында өткен ай­тулы турнирге еліміздің түкпір-түк­пі­рінен жиналған 200-ге тарта спортшы қа­тысып, өз салмақтарында жүлделі орын­дар­ды са­рапқа салды. Алғаш болып іріктеу кез­­де­су­ле­рін 16-18 жас аралығындағы боз­­ба­ла­лар бастады. Әрқайсысы 3 ми­нут­тан тұ­ратын екі кезеңде жеңімпаз анық­тал­ма­са, чем­пиондық атақтың тағдыры қо­сым­ша 3 ми­нуттық кезеңде шешілді. Мұн­да ереже бо­йынша қос қарсыластың бір-бірінің көзін шұ­қуына, тістеуіне, тыр­на­уына, кіндіктен тө­мен тебуіне, төрт­та­ған­да немесе жат­қан­да бастан, беттен ұруы­на тыйым салынған.
Сабыржан МАХМЕТОВ, ҚР жекпе-жек федерациясының президенті:
– Біз мұның алдында, яғни үстіміздегі жыл­дың мамыр айында Талдықорған қа­ла­­сын­да тұңғыш рет Қазақстан чем­пио­на­тын өт­кізген болатынбыз. Сол додада ере­­с­ек­­тер­мен қатар, жастардың да ша­ма­сын бай­­қап көргенбіз. Өйткені дер кезінде ла­йық­ты із­басарлар дайындап отырмасақ, ба­тыр ба­баларымыздан мирас болып қал­ған төл жек­пе-жегімізді шын мәнінде жаң­ғыр­та да, дамыта да алмаймыз. Біздің басты мақса­ты­мыз – дүбірлі додаларда ел на­­мы­­сын қор­ғайтын шеберлігі жоғары спорт­­­шы­лар­ды баптаумен қатар, Отан ал­дын­дағы аза­маттық борышын абыроймен өтей­тін на­ғыз жаужүрек жауынгерлерді тәр­­биелеп шы­ғару. Ұлттық спорт түрлері қа­­­уым­дастығы ауқымындағы Рес­пу­бли­калық жек­пе-жек федерациясының құ­рыл­­ға­­ны­на небәрі екі жыл­дан астам уақыт өт­ті. Әри­не, әзірге біз­дің қаржылай-ма­те­риал­­дық жағдайымыз мәз емес. Тіпті на­шар де­сем де болады. Не­гізінен, жергілікті әкім­шіліктер мен төл жек­пе-жегімізге бүй­рек бұратын де­меу­ші­леріміздің арқасында түр­лі деңгейдегі жа­рыстарды өткізіп ке­ле­міз. Мысалы, Ресей Пре­зиденті жекпе-жек түр­лерімен ай­на­лысатын спортшыларға айрықша көңіл бөліп, қамқорлық жа­сау­да. Нәтижесінде көрші елде жекпе-жек өне­рі қарқынды даму үстінде. Сондықтан ар­ғы тегі Ұлы Да­ла­дан шыққан ұлттық жек­пе-же­гімізге мем­лекет тарапынан пәр­менді қол­дау көр­сететін уақыт әлдеқашан жетті деп ойлаймын.

Үш күнге созылған турнир қоры­тын­ды­сын­да жастар арасында Мәди Үдеров, Абзал Мақсат, Нұрбек Теңізбай, Мәулетжан Шәріпов сынды жас дарындар айрықша көзге түсіп, мамандар тарапынан жоғары баға алды. Ересектер бәсекесінде кубок үшін негізгі тартыс Оңтүстік Қазақстан жә­не Жам­был облыстарының  құрама ко­ман­­да­лары ара­сында өрбіді. Нәтижесінде екі жақта үш-үш алтыннан олжалады. Тек өзге жүл­­де­лерінің сәл артықшылығымен Оң­түс­тік Қа­зақстан облысының спорт­шы­ла­­­ры бас ку­бокты жеңіп алды. Үшінші орын қы­зыл­­­ор­да­лықтардың еншісіне бұ­йыр­­ды.

Ұлттық жекпе-жектен тұңғыш Қазақстан кубогы
Жастар:
50 келі: Бағдат Нысанбай (Қызылорда обл.)
53 келі: Мәди Үдеров (Ақтөбе обл.)
56 келі: Абзал Мақсат (Жамбыл обл.)
59 келі: Жарас Қапан (Жамбыл обл.)
63 келі: Нұрбек Теңізбай (Қызылорда)
67 келі: Бауыржан Төлтан (ОҚО)
71 келі: Еркін Дәрмен (Алматы)
75 келі: Сырым Айтбай (ОҚО)
+75 келі: Мәулетжан Шәріпов (Алматы)
Ересектер:
55 келі: Жалғас Жұмағұлов (Ақтөбе обл.)
60 келі: Темірлан Ағанасов (ОҚО)
65 келі: Гиесжан Эрметов (Жамбыл обл.)
70 келі: Нұржан Тұтқаев (Атырау обл.)
75 келі: Нұрлан Сауранбаев (Жамбыл обл.)
80 келі: Гойха Дазаев (Ақтөбе обл.)
85 келі: Игорь Свирид (Жамбыл обл.)
90 келі: Сейітхан Махмудов (ОҚО)
+90 келі: Сейітбек Есіркеп (ОҚО)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста