Жұлдызды жазбай таныңыз

Жұлдызды жазбай таныңыз

Қазіргі Санкт-Петербуг, бұрынғы Ле­нинградта туып, қалың елге атамекені Қа­зақстанда танылған суреттегі бұл саң­лағымыз бүгінде өзі серік еткен спорт түрін басқарады. Қазақ баласы Ле­нинградқа қалай барып қалды дейсіз ғой?! Әскери ұшқыш болған әкесі қыз­мет бабымен сол жақта жүргенде су­рет­тегі тұлғамыз дүниеге келген. Бес жа­сында елге оралған отандасымыз есей­генде шыңға өрлеуді өзіне серік етті. Кейін Эверест шыңына шыққан тұң­ғыш қазақ атанды. КСРО құра­ма­сының белді мүшесі болған. Тіпті бір кездері команданы капитан ретінде де биік шыңдарға бастаған. «Қар барысы» атағы бар. Бұдан бөлек, «Халықтар достығы», Құрмет сынды ордендермен марапатталған.
А) Мақсұт Жұмаев
Ә) Қазбек Валиев
Б) Бағлан Жүнісов
В) Қайрат Закирьянов


«Жұлдызды жазбай таныңыз» айда­рының өткен жолғы санында білекті бал­уанымыз Мәулен Мамыровтың жас ке­зіндегі белдесуінің суретін берген бо­ла­тынбыз. Еркін күрестен Олимпиада ойын­дарында жүлде алған жалғыз қа­зақ. 1997 жылғы әлем чемпионатының қо­ла жүлдегері. 1994 жылғы Азия ойын­дарының чемпионы. 1999 жылғы Азия чемпионы. 1990 жылғы КСРО чем­пионы. Халықаралық деңгейдегі дү­бірлі додаларда еншілеген жүлде­ле­рінің саны  тым көп. 11 дүркін Қазақстан чем­пионы. Осындай атақтары бар балуа­нымызды оқырмандарымыз қа­лай танымасын?! Хабарласып, дұрыс жа­уабын айтқандар аз болған жоқ.  Ал бі­рінші болып дұрыс жауабын алма­тылық тұрақты оқырманымыз Дәурен Ер­мекбайұлы тапты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста