Жұлдызды жазбай таныңыз

Жұлдызды жазбай таныңыз

Бүгін қазақ халқы ерекше құрмет тұтатын абзал ағамыздың жас кезіндегі суретін беріп отырмыз. Оның спорттық ғұмырындағы жеңістері мен ізі Қызыл империя үстемдік құрған кезеңге тап келіп, өз мүмкіндігін толығымен көрсете алмаса да, туған елі оны батыр ретінде құрметтейді. КСРО чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, КСРО халықтары спартакиадасының екі мәрте қола жүлдегері, Азия-Африка ойындарының жеңімпазы болған. Боксшы болып, еліміздің абыройын асқақтатып қана қоймай, осы спорт түрін дамытуға да сүбелі үлес қосқан. Еліміздің ұлттық құрамасының бас бапкері болып, күрзі жұдырықты жігіттерімізді толағай табыстарға жеткізген. Сонымен батыр тұлғалы бұл жұлдызымыз кім?

А) Әбдісалан Нұрмаханов
Ә) Ескендір Хасанов
Б) Шоқыр Бөлтекұлы
В) Октябрь Жарылғапов

Өткен жолы Олимпиада ойындарына қатысқан тұңғыш қазақ желаяғы, марқұм Ғұсман Қосанов ағамыз­дың суретін бергенбіз. 1960 жылғы Рим Олим­пиадасының күміс жүлдегері тірі болғанында, биыл мамыр айында 76-ға толар еді. 55 жасында дүниеден өткен, есімі қазақ спортының тарихына алтын әріптермен жазылып қал­ған ағамызды танитындар аз емес екен. Бірінші болып хабарласқан оқыр­ма­нымыз Қайрат Төлеуов болды.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста