Жетісуда «жекпе-жек» деп атой салып...

Жетісуда «жекпе-жек» деп атой салып...

Жаугершілік заманда «жекпе-жек» деп атой салған батыр бабаларымыздың өр рухы қайта жаңғыртылуда. Қараша айының басында Талдықорғанда ел Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғына орай ұлттық жекпе-жек өнерінен «Жетісу арланы» атты халықаралық турнир өтті.
Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Алматы облысы әкімдігінің қолдауы­мен Республикалық жекпе-жек федерациясы ұйымдастырған білекті де жүректі жігіттердің дүбірлі додасына жерлестері­мізбен қатар көрші Ресей, Қырғызстан, Өз­бекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мем­лекет­терінен келген спортшылар қаты­сып, тоғыз салмақ дәрежесі бойынша сын­ға түсті. Турнир қо­ры­тындысы бойынша ең үздік деп танылған спортшыға «Жеті­су ар­ла­ны» атағы берілуі тиіс болатын. Сон­дықтан көрермендерге лық толы «Жас­тар» спорт сарайында өткен жек­пе-­жек­терде жеңіс үшін аянып қалған спорт­шы жоқ. Жан алысып, жан беріскен қоян-қолтық айқастар барысында жер­лес­те­рі­мізге қонақтар да, әсіресе, айыр қал­пақты ағайындар мейлінше қарсы­лық көрсетіп бақты. Ерекше атап өтерлігі, қыр­ғыз бауырларымыздың арасынан 52 келі сал­мақ дәрежесіндегі 18 жастағы жас батыр Азат­бек Анарбайұлы тамаша өнер көр­сет­ті. Азатбек жастығына қара­мастан, барлық қарсыластарын айқын басым­дық­пен тізе бүктірді. Ал жер­лес­теріміздің ішінен 90 келіден жоғары сал­мақта бас жүлдені жеңіп алған Солтүстік Қазақстан об­лы­сының өкілі Исатай Мақарамовты бөле-жара атап өтуге болады. 20-дан жаңа асқан Исатай жартылай финалда ас­та­налық Жан Жақсыбаевты оң аяғымен жағы­нан теуіп, есінен тандырды. Сөйтіп, деле­бесі қозған жанкүйерлердің ыстық ықы­ласына бөленді. Ал алма-кезек ша­буыл­мен өрбіген тартысты ақтық ай­қас­та тал­ды­қорғандық Олжас Ахметханов­ты қол ауырту әдісімен «қармағына» түсіріп, жеңіл­генін мойындауға мәжбүр етіп, бес­ас­пап шебер екенін көрсетті.
Исатай Мақарамов, турнир жеңімпазы:
– Мен мұндай халықаралық дең­гейдегі жекпе-жек додасына тұңғыш рет қатысып тұрмын. Сондықтан турнир алдында біршама қобалжыдым да. Бірақ жас кезімнен күреспен, кикбокспен ыждағатты түрде айналысуым жеңіске жетуіме септігін тигізді. Бұл турнирде біршама тәжірибе жинақтадым. Енді алдағы желтоқсан айында Алматыда өтетін үлкен халықаралық додаға барымды салып дайындаламын.
Сабыржан Махметов, ҚР жекпе-жек федерациясының президенті:
– Турнир жоғары деңгейде ұйым­дастырылды деуге толық негіз бар. Бұл – республикалық жекпе-жек федерациясы құрылғалы бергі өткізіп отырған үшінші дүбірлі додамыз. Жүлде қоры да қомақты болды. Көрші елдерден кел­ген спортшылар мен олардың бап­керлері ризашылықтарын білдіріп, қа­зақ жекпе-жегін халықаралық дең­гейде дамыта түсуге белсенді атса­лы­са­тын­дықтарын білдірді. Ал біздің қазір­гі басты мақсатымыз – осындай дүбірлі додалар арқылы еліміздегі білек­ті де, жүректі жекпе-жек майталмандарын іріктеп, толыққанды ұлттық құрама жа­сақтау. Өкінішке қарай, бұл турнирде «Жетісу арланы» атануға ла­йық жігіт­ті көре алмадық. Десек те, бо­ла­шақта әлемнің атақты жекпе-жек ше­бер­леріне (ережесіз төбелес май­тал­ман­дарына) азу батыра алатын ар­лан­дарымыз да, көкжалдарымыз да шы­ға­тынына сенім­дімін. Сол үшін аянбай тер төгеміз. Бұ­йыртса, сол күнге де жетерміз.
Шынымен де, «Жетісу арланы» халық­аралық турнирінің жүлде қоры қомақты болды. Жеңімпаз атанған жігіттерге 1000 АҚШ доллары сомасында сыйақы табыс етілсе, олардың бапкерлеріне 500 доллардан берілді. Ал күміс жүлдегерлер 500 доллар, қола жүлдегерлер 300 доллар сомасындағы сыйақыға қол жеткізді.

«Жетісу Арланы» халықаралық турнирінің жеңімпаздары:
52 келі: Азатбек Анарбайұлы (Қырғызстан)
57 келі: Рүстем Сайдуллаев (Алматы қаласы)
62 келі: Камил Ибишев (Алматы облысы)
67 келі: Алмасбек Қолшараев (Алматы облысы)
72 келі: Ақтілек Жұмабекұлы (Қырғызстан)
78 келі: Алексей Бодюков (Алматы қаласы)
84 келі: Игорь Свирид (Алматы қаласы)
90 келі: Георгий Емельянов (СҚО)
+90 келі: Исатай Мақарамов (СҚО)

Бейресми жалпыкомандалық есеп:

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста