Жастар арасында бәсекелестік күшейді

Жастар арасында бәсекелестік күшейді

Күрес түрлерінен Өскеменде өткен жастар арасындағы Қазақ­стан чемпионатының еркін күрес бал­уандары арасындағы бел­­де­сулері нәти­желерін жария­ла­ған­быз. Енді әйелдер күресі мен грек-рим күресі шеберлеріне тоқтала кетсек.
Әйелдер күресіндегі белдесулер аса қы­зықты өтті. Осы күрес түрі жақсы дамы­ған аймақтардан келген арулар бозкілем көрігін қыздырды. Жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болған Екатерина Ларионова да белдесіп, қарсылас шақ келтірмей, ел чемпионы атанды. Ал қалған сал­мақтарда Ирина Борисова (44 келі), Ай­дана Өтеғұлова (48 келі), Кристина Яло­венко (51 келі), Аймангүл Төлеухан (55 келі), Юлия Одиненко (59 келі), Ұл­болсын Қожамберді (67 келі), Жаиля Әубә­кірова (72 келі) сынды қыздарымыз топ жарды.
Ал грек-рим күресі шеберлері ара­сын­дағы белдесулер өте шиеленісті болды. Жасөспірімдер арасындағы әлем мен Азия чемпионаттарында жүлде алған жас таланттар алдыңғы буын ағаларына ла­йық­ты деңгейде қарсылық көрсете білді. Өткен жылы жасөспірімдер сапында өнер көрсеткен әлеуеті зор бозбалалар биыл жастар санатына өтіпті. Енді ақпан айының аяғында Шымкентте өтетін жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында осы жас мөл­шеріндегі құраманың аға бапкері Се­рік Жұмашевқа жаңадан жеткіншектер құ­ра­масын жасақтауға тура келеді.
Сонымен, грек-рим күресі балуан­да­ры­ның ішінен ең жеңіл салмақта жам­был­дық Асқар Сәлтебаев бірінші орын алса, 55 келіде астаналық Ахмет Ізбас­қа­нов топ жарды. 60 келіде кілем иесі Мейір Ер­за­қов­тың мерейі үстем болды. Жас­өс­пірім­дер арасында Сингапур Олим­пиа­да­сының чемпионы атанған Жәнібек Қан­ды­баев 66 келіге де­йінгі салмақта жеңіс тұғы­ры­ның ең биік саты­сына көтерілді. Жәні­бек был­тыр да жас­тар арасындағы ел чем­пио­натында бел­дескен, бірақ жүл­де­ге ілінбеп еді. Биыл толысып, бабы да келі­сіпті. 74 келіде елордалық Азамат Құс­ты­баев үздік шықты. Қостанайлық Тимур Таш­ма­ған­бетов 84 келіде жеңімпаз атан­са, 96 келіде – қарағандылық Айдын Әшімбаев, ал аса ауыр салмақта павлодарлық Еркін Шайкенов ел чемпиондары атанды.
Енді осы ел біріншілігінде көзге түсіп, топ жарғандардан жастар құрамасы жа­сақ­талады. Олар мамырдың 31-і мен мау­сымның 3-і аралығында Алматыда өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста