Әлемдік рейтингте көш бастағаны үшін спортшыға 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді.
Біріккен күрес әлемі (UWW) күрес түрлерінен барлық салмақ дәрежесіндегі әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Жәмила Бақбергенова көш бастап тұр.
Бұл салмақтағы рейтингте екінші орынды америкалық Амит Элор, үшінші орында түркиялық Буса Тусон иеленді.
Әлемдік рейтингте көш бастағаны үшін Жәмила Бақбергеноваға 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді. Жәмила Бақбергенова күрестен әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері және Азия чемпионы. Оның сыңары Мәдина да күреспен айналысады.