Қазақстандық жекпе-жек шебері (14-8) Жалғас Жұмағұлов аралас жекпе-жектен UFC on ABC 5 турнирінде (АҚШ, Флорида штаты) қарсыласына есе жіберді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап жазды.
Жалғас Жұмағұлов америкалық Джошуа Ванмен (7-1) кездесу өткізді. Ең жеңіл салмақтағы бұл кездесу үш раундқа есептелген болатын және ол судьялардың шешімімен Джошуа Ванның пайдасына шешілді.
Осылайша, Джошуа Ван кәсіби карьерасында 8-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Жалғас Жұмағұлов 9-шы рет жеңіліске ұшырады.
Жалғас үшін бұл UFC-дегі 6-шы жеңіліс.
Жалғас 2020 жылдың шілдесінде UFC-ге кірген ерлер арасындағы ең бірінші қазақстандық жекпе-жек шебері болатын. Оның ММА-дегі рекорды 14-9.
Алғашында Жұмағұлов сәуір айында кездесу өткізуі керек еді. Алайда оның жекпе-жектері мамыр мен шілдеге шегерілді және ол қарсылас тарапының таңдауы еді.
Америкалық Нейт Мэнесс жарақат алса, бразилиялық Рафаэль Эстевамның салмағы сәйкес келмеді. Ал Фелипе Бунестің ағзасынан допинг анықталды.