Жабық кешендегі Азия ойындары

Жабық кешендегі Азия ойындары

29 маусымнан бастап 6 шілдеге дейін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында жабық кешендегі IV Азия ойындары өтеді. Оған Қазақстан спортшылары да қатысады.
Бір қызығы, биыл жабық кешендегі IV Азия ойындары құрлықтық Шығыс жекпе-жектері өнері додасымен біріктіріліп өткі­зілмек. Осы ретте айта кетейік, жабық ке­шен­дегі І Азия ойындары 2005 жылы қараша айында Бангкокта (Тайланд) өткен. Екіншісі 2007 жыдың қоңыр күзінде Ма­каода (Қытай), ал үшіншісі 2009 жылы Ха­нойда (Вьетнам) ұйымдастырылған. Келесі дода, яғни жабық кешендегі V Азия ойын­да­ры мен шығыс жекпе-жектері додасы 2017 жылы Ашхабадта (Түрікменстан) өткі­зілмек.
Өздеріңіз де байқап отырған болар­сыздар, басында бұл дода екі жылда бір өткізілетін. Енді төрт жылда бір өткізіліп оты­ратын болады.
Ерекше көңіл аударарлығы, жабық кешендегі Азия ойындарының жазғы Азия ойындарынан айырмашылығы, оның бағ­дар­ламасына негізінен Олимпиада ойын­дары бағдарламасына енбейтін спорт түр­лері кіргізілген. Рас, жабық кешендегі Азия ойындарының бағдарламасында жүзу спорты бар. Бірақ мұнда 25 метрлік қысқа бассейндерде жарысады. Ал Олимпиада ойындарында жүзгіштер 50 метрлік бас­сейн­дерде бақ сынайды.
Сонымен Инчхонда жалауы желбірейтін жабық кешендегі IV Азия ойындары бағ­дар­ламасында мына 11 спорт түрі бар: бильярд, боулинг, шахмат, спорттық би, футзал, кикбокс, муайтай, жүзу спорты (25 метрлік хауызда), кабади, кураш, Е-спорт (электронды спорт).
Қазақстан спортшылары Инчхонда спорттың жеті түрінен сынға түседі. Атап айтқанда, шахмат, спорттық би, кикбокс, муай­тай, жүзу спорты (25 метрлік хауыз­да), кураш, Е-спорт (электронды спорт).
Әрине, жанкүйерлер арасында «қалған төрт спорттың түрінен неге сынға түспейміз, кейбіреуінен тіпті жетістіктеріміз де жоғары ғой» деушілер табылар. Енді соларға қыс­қаша тоқталып өтелік. Футзалдан бастасақ, бізде залда ойнайтын осы бір шағын фут­бол тәп-тәуір дамыған. Жақында ел чем­пионы УЕФА кубогын жеңіп алып, төрткіл дүниені тамсандырды. Бірақ біз УЕФА-ның мүшесіміз. Ал Инчхонда өтетін жабық кешен­дегі құрлықтық додада Азия футбол конфедерациясының құрамындағы елдер­дің ғана футзалшылары доп тебе алады.
Енді бильярдқа келейік. Рас, біздің бильяр­дшыларымыз әлем чемпионы да, Азия чемпионы да болып жүр. Бірақ бізде негізінен «пирамида» ойыны ғана аса жоғары деңгейде дамытылған. Ал жабық ке­шендегі IV Азия ойындары бағдар­лама­сын­да пуль, снукер және басқа түрлері енгізілген.
Боулингке келер болсақ, бұл спорттың түрінен біздің спортшылардың Азияда жүлдеге ілігулері неғайбыл. Ықтималдығы өте төмен. Сондықтан боулингшілерімізді Инчхонға апару тиімсіз деп шешілгендей.
Ал кабади деген спорт түрі жайлы айт­паса да түсінікті болар. Үнді халқының ұлттық ойыны бізге мүлде таңсық. Бізде бұл спорт түрінен команда тұрмақ, ойын­шы­лар жоқ.
Қазір аталмыш додаға қатысатын спортшылар дайындықтарын пысықтап, жол­ға әзірленуде. Қазақстан делегациясы 27 маусым күні Сеулге Алматыдан ұшады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста