Үшкемпіров пен Псарев – Даңқ залында

Халықаралық аренада қазақ спортының беделі тағы бір рет шарықтады. Біріккен күрес әлемінің (UWW) Даңқ залына еліміздің екі тарихи тұлғасының есімдері енгізілді. Олар – Жақсылық Үшкемпіров пен Вадим Псарев, - деп сүйінші сұрайды «Алаш айнасы»
Биылғы жылдың 6 қыркүйегі бүкіләлемдік және Қазақстан күресі тарихындағы елеулі күн болды. Белдесу өнерін дамытуға өлшеусіз еңбек сіңіріп, сүбелі үлес қосқан тарихи тұлғалардың есімдері Даңқ залына енгізілді.
Дәл осы күні UWW Даңқ залына барлығы 16 адам енгізілген. Олардың үшеуі бапкер, екеуі төреші, төртеуі еркін күрес шебері, үшеуі грек-рим күресінің майталманы, екеуі әйелдер күресінің үздігі, енді екеуі «аңыз» номинациясына енгізілген жарық жұлдыздар.
Осы таңдаулы тұлғалар қатарында біздің елден Жақсылық Үшкемпіров пен Вадим Псарев бар.
– Әрине, біз үшін бұл - өте маңызды және қуанышты оқиға. Өзім біраз белестерді бағындырған спортқа арнаған еңбегім зая кеткен жоқ. Меніңше, мұндай шаралар күрестің бүкіләлемдік мәртебесін өсіре түседі. Еліміздің жас балуандарына өз мақсаттарына жетіп, спортта биік ауларды бағындыруына тілектеспін, – деп тебіреніпті Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ҚР күрес федерациясы тілшілеріне берген пікірінде.
Өз кезегімізде Жақсылық Үшкемпіров ағамыз бен Вадим Псарев ақсақалды шын жүректен құттықтаймыз.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста