Ұрпағымызды спортқа баулудың үлгісі

Ұрпағымызды спортқа баулудың үлгісі

Бүгінде болашағымыздың, желкілдеп өсіп келе жатқан балаларымыздың денсаулығына алаңдаулымыз. Солар теріс жолға түспесін, спорт пен дене шынықтыруды серік етсін дейміз...
Жалпы, жас ұрпақты спортқа баулуды көптен бері айтып келеміз. Тәуелсіздігімізге қол жеткізгеннен бері де өзекті мәселе ре­тін­де көтеріп, салауатты өмір салтын қа­лып­тастыруға тырысып келеміз. Бұл орайда, әртүрлі іс-шаралар қолға алынып, жүзеге асырылып келеді де. Солардың ішін­де бізге ерекше ұнағаны – балабақша ішінен спортзал ашып, іске қосу.
Алматыда бір балабақшадан осындай бір тамаша спортзал көрдік. Жақында күр­делі жөндеуден өткен балабақша екен. Ішін­де спортзалы бар. Бұрын мұндайды көз­бен көрген жоқ едік. Сондықтан қызыға қарадық. Дене тәрбиесі іс-әрекеті өтетін құтты орын екі залдан тұрады екен. Бірінде дене тәрбиесінен дәріс беріледі. Қа­быр­ға­ла­рында арқанмен өрмелейтін, белтемірге тар­тылатын, сатымен жоғары өрлейтін және тағы да басқа қондырғылары бар. Екіншісі – би және гимнастика залы. Қа­быр­ғаларына айна орнатылған. Кез келген би клубтарының өздері қызығатын шығар. Тап-таза, іші жарық, өте жайлы.
Қазақта «ел боламын десең, бесігіңді түзе!» деген мәтел бар емес пе? Осы спорт­залға қарап тұрып, «бүлдіршіндерді спорт­қа баулуды балабақшадан бастап, соны түзегеніміз қандай ғанибет» деп сүйсіндік. Осы қазақ тіліндегі балабақшадағы бүлдір­шін­дердің арасында «болашақ Олимпиада чемпиондары жүрген де шығар» деп, ар­ман мен қиялға ерік бердік. Сондай бір қуанышты әсерде болдық.
Сізді қайдам, бізге осында үлкен бір мағына, мән-мазмұн жатқандай көрінді. Өйт­кені қарапайым ата-аналардың көбісі ба­лаларын спорт секцияларына апара ал­май­ды ғой. Ал мұнда жас балалар тым болмаса, спортзал дегеннің не екенін тү­сі­не­ді. Бой жазып, сергиді. Дене шынықтыру пәнінің негіздерін үйреніп, спорт деген сиқырлы дүниемен таныс болады.


Күлдархан КӘРІБАЕВА, Алматы қалласы Алмалы ауданындағы №8 балабақшаның меңгерушісі:
– Бұл спортзалды ашқандағы мақ­са­ты­мыз – ұрпа­ғымызды қазірден бастап салауатты өмір салтына баулып, егемен еліміздің жас өрендерінің денсаулығы мықты болуына ықпал ету, бүдір­шін­дерімізді шыныққан, шымыр етіп тәр­биелеу. Спорт пен дене шынықтырудың адам ағзасына тигізер пайдасы туралы тү­сінік беруге тырысудамыз.

Ұлбала ӘЛИЯКБАРОВА, №8 бала­бақ­ша­да­ғы «Қарлығаш» деп аталатын 8-топтың тәр­биешісі:
– Бізде әртүрлі тақырыптар бойынша ашық оқу іс-әрекеттері өткізіліп тұрады. Бүгінгі сіздер көрген «Денің сау болсын десең...» деген ашық оқу іс-әрекетінің мақ­саты – балалардың жүру, жүгіру қимыл­дарын және басқа да жатты­ғу­ла­рын дұрыс орындауды қадағалау. Жи­нақылыққа үйрете отырып, бала­лар­ды ептілікке, шапшаңдықа баулу, ұйым­шылдыққа тәрбиелеу.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста