Ұлттық спорт туралы заң да орысша қабылдана ма?

Ұлттық спорт туралы заң да орысша қабылдана ма?

Алматы облысы Жамбыл ауданының «Көкбастау» ипподромында «Саят» ұлттық спорт түрлері бойынша «Сонар – 2011» республикалық бүркітшілер додасы өтті.
Осымен 14-мәрте өткен дәстүрлі до­да­ға еліміздің жеті облысынан 51 құсбегі қа­ты­сып, бақтарын, құстарының баптарын сы­нады. 51 құстың 43-і бүркіт болса, 8-і қар­шыға болды. Екі кезеңнен тұратын до­даның біріншісінде құстың аңға түсу шеберлігі, құс пен иесінің арақатынасы, шыр­ға тартуы, қоянға түсуі сыналып, екін­ші, яғни финалдық кезеңде құстың түлкіге салу шеберлігі байқалды. Нәтижесінде, бүр­кітшілерден Алматы облысының өкіл­дері топ жарса, қаршыға салуда Жамбыл облысы үздік шықты. Бүркітшілер же­ңім­па­зы 100 мың теңге сыйақы алса, «күміс жүл­дегерге» 80 мың теңге бұйырды. Ал қар­шығашылар жеңімпазы 60 мың теңге иеленсе, екінші орынға 40 мың теңге берілді.
Жалпы, аңшылық, саятшылық өнерлері – бабадан қалған асыл мұрамыз, төл өне­ріміз. Оны бәріміз де білеміз, әрі мойын­дай­мыз. Дегенмен мыңдаған жылдық тарихы бар төл өнерлерімізге тиісті дәре­же­де көңіл бөлінбей келе жатқаны көңілге кірбің ұялатады. Рас, оқта-текте елімізде саят­шылықтан әртүрлі турнирлер өтіп тұрады. Оның өзінде ұлттық спортымызға шын жанашыр аз ғана адамдар шоғыры ұйымдастырып жататыны жасырын емес. Ал басқа дөкейлеріміз ұлттық спорт түр­ле­рінен гөрі, гольф, теннис секілді есіктен кіргеніне көп бола қоймаған спорттарға көңіл бөлгенді құп көретін секілді. Шы­нымен-ақ, бүгінде біз бәйгені велоспортқа, аңшылықты тенниске, саятшылықты гольф­қа алмастырып алғандаймыз. Біздің өз құндылықтарымызға құлықсыз қарай­ты­нымызды білетін көршілеріміз де ұлттық спортымызға қол салуда. Өзбектер өзде­рі­нің курашын жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізді. Қырғыздар көк­па­рымызды тартып алды. Енді Вен­грия­ның да садақ тартуға көз сала баста­ғаны белгілі. Сондай-ақ «саят» өнерін де өз меншігіне айналдырғысы келетін елдер бой көрсете бастады. Мәселен, «Қыран» феде­ра­ция­сы­ның атқарушы директоры Бағдат Мүп­те­ке­қызының айтуынша, бүгінде Австрия мен Германия құсбегіліктің патентін өз­де­ріне меншіктеп алғысы келетін көрінеді. Қазақ ай қарап жүргенде, Еуропа аузы­мыз­ды аңқитып кетпесін.
– Сонымен қатар, арабтардан да қауіп бар. Рас, арабтар құсбегіліктің патентін ие­ле­не қоймас. Дегенмен олар біздің ител­гі­лерді сатып алып, көзін жойып жатқанымен қауіпті. Ол жақтың аптап ыстығына шыдай алмай, біздің ителгілер қырылып жатыр. Ал Австрия мен Германия саяткерлікті спортқа айналдырып, өз меншіктеріне иеленіп алмақшы. Алайда айта кету керек, әлемде бірде-бір мемлекет саяткерлікті спорт қатарына әлі қосқан жоқ. Шетел­дер­де тек әртүрлі саятшылық клубтары ғана бар. Біз болсақ, мұны ұлттық спорт түріне жатқыздық. Демек, біздің мүмкіндігіміз көбірек. Енді осы мүмкіндікті жібермеуіміз керек. Бұл туралы «Қыран» федера­ция­сы­ның президенті Нұрлан Өнербаевпен ақыл­­дасқанбыз, – деп біздің ойымызды Бағ­дат Мүптекеқызы қорытындылады.

«Сонар – 2011» республикалық бүркітшілер додасының нәтижесі:
Бүркітшілер сыны:
1-орын: Жасұлан Бүркітбай
(Алматы облысы, Текелі қаласы)
2-орын: Қуаныш Исабеков
(Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы)
3-орын: Медет Шалипов
(Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы)
4-орын: Бағашар Наурызбеков
(Алматы облысы, Райымбек ауданы)
5-орын: Арман Қошқаров
(Ақтөбе облысы)
Қаршыға сыны:
1-орын: Шернияз Бауыржан
(Жамбыл облысы)
2-орын: Өмірхан Баетбай
(Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы)
3-орын: Ержан Ешметов
(Жамбыл облысы)
Дүбірлі додаға Астана қаласы, Алма­­ты қаласы, Алматы облысы, Ақ­мо­ла об­лы­сы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Қа­рағанды облысы, Жамбыл облысы және Павлодар облысының құс­бегілері қатысты.

Бағдат Мүптекеқызы, «Қыран» феде­ра­циясының атқарушы ди­рек­торы:
– Шынын айтсақ, «Сонар» секілді рес­пуб­ликалық доданы ұйымдастыру оңай шаруа емес. Құстарды тасымалдауда көп­теген қиындықтар туып жатады. Әсіресе, Атыраудан келген құсбегілерге қиын болды. Басқа аймақтағылар аздап үйреніп қалды ғой. Ал мұнда бүркіт пен қаршығаны, ителгіні бір-бірінен ажырата алмайды. «Қы­зыл кітапқа енген құсты қайда апара жа­тыр­сыңдар?» деп әбден зығыр­да­ны­мыз­ды қайнатады. Ондай кезде облыс әкімінің бұйрығын, доданың ережесін көрсетіп, әрең құтыламыз.
– Бұл күндері саятшылық қай өңірде тіптен кенже қалған?
– Әдеттегідей Солтүстік Қазақстан өңір­ле­рінде ғой. Оңтүстікті ұлттық спортқа жақсы көңіл бөледі деп мақтаймыз. Әйт­кенмен, мұнда да қарап тұрсақ, саят­кер­ліктен бірде-бір ірі турнир ұйым­дас­тырылмапты.
– Ұлттық спорт түрлері туралы ар­найы заң керек деп жатасыздар. Осы жайында нақты ұсынысыңыз бар ма?
– Спорт комитетінің басшыларының барлығы орысшаланып кеткен ғой. Осыдан екі-үш жыл бұрын олар ұлттық спорт тура­лы заң жобасын жасаған. Дегенмен «әй­теуір заң керек екен» деп жалпылай жасай салған. Ұлттық спорт түрлерінің әрқай­сы­сына жеке тоқталмаған. Құстарды та­сы­мал­дау жағына да тоқталмаған. Оның өзінде, ұлттық спорттың заңын осы уақытқа дейін бізге берген де емес. Осы мәселеге жақында ғана кірісті ғой. Бізге жіберіпті әлгі заңның жобасын. Енді біз өз өзгеріс­те­рімізді енгіземіз. Бір қызығы, әлгі заңның жобасы орыс тілінде жазылған. Сонда ұлттық спортымызды да орыс тіліне негіз­дей­тін болғанымыз ба?! Негізі, мұндай мәсе­л­еде Спорт комитеті ұлттық спорт түр­ле­рінен хабары бар мамандардың басын қосып, ақылдасуы керек еді ғой. Біз өз ұсы­ныстарымызды сол кезде айтар едік. Қазір аймақтарда ұлттық спорт мектептері ашылуда. Дегенмен, айтсам сенбейсіз, оқытатын арнайы бағдарламалары жоқ. Қандай негізге сүйеніп оқытарын білмейді ма­мандар. Биыл – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. Яғни өзімізді, ұлттық құн­ды­лық­та­рымызды түгендеп, әлемге көрсететін жыл. Ендеше, ұлттық спортымызды биыл ба­рынша насихаттап қалуымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста