Украинаны оңдырмай жеңдік

Украинаны оңдырмай жеңдік

Күрзі жұдырықты жігіттеріміздің шеберліктерін арттыру мақсатында ҚР бокс федерациясы Астана қаласында төрт елдің ұлттық құрамасы арасында матчтық жекпе-жектер өткізуде. Қазақстан, Әзірбайжан, Украина және Өзбекстан құрамаларының былғары қолғап шеберлері Астанадағы орталық циркте керілген шаршы алаңда өз шеберліктерін паш етуде.

Алғашқы күнгі жекпе-жектер шымылдығын Өзбекстан мен Әзірбайжан боксшылары ашты. Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Шараф Худайбердиевтің айтуынша, ала шапанды көршілеріміздің бірінші нөмірлі боксшылары Түркия мен Финляндияда өтетін халықаралық турнирге қатысатын болғандықтан, Астанаға қосалқы құрамдағы боксшылары келіпті. Алайда бас бапкер: «Біз бұл сынды биылғы Азия ойындары алдындағы сынақ турнирі ретінде қарастырып отырмыз. Гуанжоуға апаратын 51 келі, 54 келі және ауыр салмақтағы боксшыларымызды осы шаршы алаңда сынап, деңгейін байқап көрмек болғанбыз. Алғашқы кездесу көрсеткендей, біздің жастарға сенім артуға болады екен», – деді.
Осы екі елдің боксшылары арасындағы кездесуге қысқаша тоқталар болсақ, 48 келі салмақта әзірбайжандық Елвин Мамишзаде өзбекстандық Алишер Махмудовтан басым түсті. Мамишазаде қарсыласын соққының астына алып, оның жұдырық сермеуіне еш мүмкіндік туғызған жоқ. 51 келі салмақ дәрежесіндегі Нихат Сейдов пен Шахриер Исаков арасындағы айқаста өзбек боксшысы ширақ қимылдап, басымдық танытты. Осыдан кейін ала шапанды ағайындардың мерейі үстем бола бастады. Бұл кездесуде Өзбекстан құрамасы 7:4 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу қорытындысы Әзірбайжан – Өзбекстан – 4:7
48 келі: Елвин Мамишзаде (Әзірбайжан) – Алишер Махмудов (Өзбекстан) – 8:3
51 келі: Нихат Сейдов (Әзірбайжан) – Шахриер Исаков (Өзбекстан) – 0:5
54келі: Самир Маммадов (Әзірбайжан) – Бинуодбек Машрапов (Өзбекстан) – 4:14
57 келі: Илкин Агаев (Әзірбайжан) – Фарид Шарипов (Өзбекстан) – 0:1
60 келі: Хейбатулла Хаджиалиев (Әзірбайжан) – Фазлиддин Гаибназаров (Өзбекстан) – 2:5
64 келі: Садиг Енуллаев (Әзірбайжан) – Өткірбек Назиров (Өзбекстан) – 6:2
69 келі: Емил Махррамов (Әзірбайжан) – Азамат Ергашев (Өзбекстан) – 1:4
75 келі: Рахиб Байларов (Әзірбайжан) – Шухрат Абдуллаев (Өзбекстан) – 1:3
81 келі: Рамил Алиев (Әзірбайжан) – Ахрор Құрбанов (Өзбекстан) – 4:3
91 келі. Елшин Елизада (Әзірбайжан) – Мирзохиджон Абдуллаев (Өзбекстан) – 1:4
+91 келі: Фарид Пашаев (Әзірбайжан) – Найб Искажанов (Өзбекстан) – 13:6

Бұдан соң Қазақстан және Украина құрамаларының боксшылары қолғап түйістірді. Украина құрамасының аға бапкері Вячеслав Дорофеьев: «Біз жақында ғана ұлттық чемпионатымызды өткіздік. Соның негізінде құрама сапын жаңарттық. Сол себептен кілең жаңа ел чемпиондарын әкеліп отырмыз», – деді.
Қазақ елінің намысын 48 келі салмақта ұлттық құрама үздігі Біржан Жақыпов қорғады. Бас бапкері Мырзағали Айтжанов: «Біржан жақсы жұдырықтасу үшін мен үнемі қасында болуым керек. Өткендегі ел чемпионатында мен қасында болған жоқпын. Ақыл-кеңес беріп тұра алмадым. Сол себептен ұтылып қалған еді», – деді. Бұл жолы ол нағыз бабында екен. Алғашқы раундта украиналық қарсыласы Эмир Аслан Небиевтің шама-шарқын байқап, қорғанысқа көңіл бөліп жүрген. Үзілістен кейін Біржан бірнеше соққыларын дөп тигізіп, есеп ашты. Ал шешуші кезеңде оны тоқтату мүлде мүмкін болмады. Гонг үні естілгенде, Киевтен келген қонағымыздың қуанғанын көрсеңіз. Өйткені оны осы гонг үні ғана Жақыповтың соққыларынан арашалап алған еді. Біржанның жеңісті жолын оның фамилиялас әріптесі Мирас Жақыпов жалғастырып, Виктор Гогольевтен басым түсті. 54 келіде өнер көрсеткен Данияр Төлегенов Андрей Шельщуктың тек екі соққысын ғана өзіне дарытса, 57 келіде ел намысын қорғаған Дулат Әлімов Олег Малиновскийдің үш-ақ соққысын өткізіп алды. Бұдан кейін ұлттық құрама сапындағы жастарымыздың бірі, 60 келі салмақтағы Айдар Әмірзақов Леонид Мальковтан жеңіліп қалды. Қалған боксшыларымыздың барлығы өз кездесулерін жеңіспен аяқтады. Қорытынды есеп – 10:1.

Қазақстан – Украина – 10:1
48 келі: Біржан Жақыпов – Эмир Аслан Небиев – 10:0
51келі: Мирас Жақыпов – Виктор Гогольев – 10:4
54 келі: Данияр Төлегенов – Андрей Шельщук – 10:2
57 келі: Дулат Әлімов – Олег Малиновский – 12:3
60 келі: Айдар Әмірзақов – Леонид Мальков – 3:5
64 келі: Әділет Егізеков – Вячеслав Кислицын – 12:3
69 келі. Рустам Сыбаев – Александр Стрецкий –3:5
75 келі: Нұрдәулет Жарманов – Артур Буц – 5:1
81 келі: Алмат Серімов – Энвер Туктаров – 6:2
91 келі: Василий Левит – Сергей Мельник – 6:2
+91 келі: Иван Дычко – Александр Трифонов – 3:0

Кеше газетіміздің осы саны қатталып жатқанда, Қазақстан және Өзбекстан құрамалары бас жүлдені сарапқа салды. Украина және Әзірбайжан құрамалары үшінші орынға таласты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста