UFC президенті Дана Уайт Шавкат Рахмоновтың 16 қыркүйекте америкалық Келвин Гастелуммен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған жейін Гастелум жартылай орта салмаққа қайта оралатынын айтқан. Ал промоушен басшылығы спортшының бұл шешімін мақұлдапты.
Келвин Гастелум 2019 жылы Исраэль Адесаньемен UFC-дің уақытша чемпионы атағы үшін жұдырықтасқан. Бірақ төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.
Отандасымыз Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақ рейтингінде 6-орында тұр.