Жартылай орта салмақтағы файтер Хоакин Бакли (16-6) өзін нокаутқа түсіре алған қарсыласын қалтасынан 25 мың доллар беруге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ол жекпе-жекке шақырған қарсыластар ішінде қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) бар.
"UFC-ден болашағыма қатытсты хабар алмадым. Бірақ мен Джек Делла Маддалена, Ян Гарри, Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасқым келеді. Мен тамызда, қыркүйнекте айқасқым келеді. Сондықтан бұл жартылай орта салмақтағы файтерлердің бәріне қатысты. Тағы айтарым: егер мені нокаутқа түсіре алса, өз қалтамнан 25 000 мың доллар төлеуге дайынмын", - дейді Бакли Twitter желісіндегі видеоүндеуінде.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz