Түсіпхан Сайханов дүние салды

Түсіпхан Сайханов дүние салды

Мамырдың 8-інен 9-ына қараған түні танымал спортшы, белгілі бапкер, білікті төреші Түсіпхан Сайханов жол апатынан қайтыс болды.
Еркін күреспен жастайынан айналысып, Одақ көлеміндегі додаларда жүлде алған Түсіпхан Сағатбекұлы кейіннен жат­тықтырушы болған. 2004 жылы еркін күрестен Афины Олимпиадасында күміс медаль алған Геннадий Лалиевті баптаған болатын. Лалиевтің Қазақстанға келуіне де жағдай жасаған оның жеке бапкері Түсіпхан Сайханов еді.
Түсіпхан Сағатбекұлы ФИЛА-ның Халықаралық дәрежедегі экстра «А» санатындағы төрешісі болатын. Мұндай төрешілер Қазақстанда саусақпен са­нарлық. Түсіпхан Сайханов Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында және көптеген халықаралық турнирлерге төрелік етті. Он жылдан астам уақыт ҚР төрешілер алқасының төрағасы қызметін атқарды. Шымкент қаласының №3 Олимпиада ізбасарларын дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің маман­дандырылған кешенді спорт мектебінде директор болды.
13 мамыр күні 60 жасқа толатын мерейтойына қонақтарын шақырып қойған Түсіпхан аға Алатау бөктеріндегі осындай бір мерейтойдан қайтып бара жатып дүние салды...
Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа, жаныңыз жаннатта болсын!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста