Тұрлыханова төрт жылға тағы да төрайым

Тұрлыханова төрт жылға  тағы да төрайым

Кеше Алматыда ҚР қол добы федерациясының алқалық жиыны болып өтті. Басқосуға ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті басшысының орынбасары Қыдырбек Рысбекұлы, ҚР қол добы федерациясының құрметті президенті Дәулет Тұрлыханов және осы федерацияның төрайымы Гүлнәр Тұрлыханова, сондай-ақ барлық облыстардан келген делегаттар қатысты.
Жиын басында федерацияның төрт жыл­да атқарған жұмыстарына ба­ға бе­рі­ліп, қол жет­кізген та­быс­тар жіп­­ке тізілді. Сон­дай-ақ федерация төрайы­мы­ның есеп беру баян­д­ама­сы тың­дал­ды. Гүл­нәр Сма­­ғұл­қызы:
Гандболшы қыздарымыздың тұңғыш рет Олим­пиада ойындарына қатысуының өзін жоғары жетістікке балауға болады. Бей­жіңде аса жоғары өнер көрсете ал­­ма­уы­мызға дәл осы дүбірлі дода алдындағы дау-дамай кері әсерін тигізді. Өз­деріңіз бі­ле­сіздер, Ұлы Жібек еліндегі дү­бірлі до­да алдында біздің Олимпиадаға қа­ты­с­уымыз немесе қатыспауымыз жайлы ха­лықаралық деңгейде үлкен кикілжің бол­ған. Алайда біз әділдігімізді дә­лел­деп, Бей­­жің­­дегі жаз­­ғы Олим­­пиа­да­да өнер көрсеттік. Қыздарымызға барлық жағдай жасалды Төрешілер алқасымен де жұмыс жасадық. Алайда олар өз деңгейінде ойын өрнегін көрсете алмады. Мен осы қызметті 1999 жылдан бері атқарып келемін. Осы аралықта  Азия ойындарында екі мәрте жүлдеге ілініп, Азия чемпионаттарынан медаль алдық. Алдағы Олимпиаданы бүгіннен бастап ойлаумыз қажет. Құраманың басым көпшілігі тарап кетті. Сондықтан бүгіннен бастап құрама жасақтау барысын басты назарда ұстаған дұрыс, – деді өз сөзінде.
Бұдан кейін қол добынан әйелдер ара­сындағы Қазақстан құрамасының бас бапкері Лев Яниев сөз сөйлеп, Спорт комитеті мен ұлттық федерация тара­пы­нан барлық жағдайлар жасалып отыр­ғандығын, алайда бүгінгі таңда ізбасарлар ісі ақсап тұрғандығын қинала жеткізді.
Осы жиын барысында біздің елдегі өзекті мәсе­ле­лердің бірі – төрешілер ал­қасының біліктілігі нашар екендігі сөз болды. Бұл мәселені жетілдіру мақ­сатында федерация арнайы бағдарлама жа­сайтын болды. Сондай-ақ біздің елде ер­лер арасындағы командалар тарап кет­кен. Штаттағы ұлттық командалар ди­рекциясында ерлер арасындағы құрама мен бапкерлері мүлдем қысқартылып кет­кен. Жалпы, бүгінде бүкіл Қазақстан бо­йынша қол добынан бар болғаны 25 жат­тықтырушы ғана қызмет атқарады екен. Дәл қазір Астана мен Қостанайда гандбол клубтары ашылған. Алайда елорда командасына бір білікті бапкердің табылмай отырғандығы жанға батады.
Алқалық жиын барысында сөз ал­ған Дәулет Тұрлыханов қазіргі таңда өт­кі­зіліп жатқан ұлттық чемпионаттағы ко­ман­да­лар­дың деңгейлерінің «суперлига» және «жоғары топ» деген санатқа сай кел­мей­тіндіктерін, сондықтан келер жылдан бас­тап төл чемпионатымызды мұндай мәтінде өт­кіз­беуді ұсынды.
Жиын соңында дауыс беру арқылы ҚР қол добы федерациясының президенті сай­ланды. Дауыс беру қорытындысы бо­йын­ша Гүлнәр Тұрлыханова бірауыздан ал­дағы төрт жылға  ҚР қол добы фе­де­рациясының төрайымы болып сайланды. Сон­дай-ақ бірнеше вице-президенттер та­ғайындалды. Алдағы уақытта ұлттық фе­дерациясының арнайы сайты жұмыс жа­сайтын болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста