Татамиде жас таланттар

Татамиде  жас таланттар

Семейде дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды.
Бүгінгі таңда Семейде дзюдо спорты қанатын кең жайып, мәртебесі өсіп келеді. Ержан Қосаев, Александр Косачев секілді Семей дзюдо мектебінің шәкірттері ұлттық құ­рама сапында белдесіп жүр. Осылардың ізбасарлары Семейде көптен өсіп келе жатқандығын аталмыш турнирден аңғар­дық. Турнирге Алматы, Ақтөбе, Аты­рау, Ақмола, Павлодар, Петропавл, Жамбыл, Қарағанды облыстарымен қа­тар Алматы мен Астана қаласының жас дзюдошылары қатысты. Аталмыш тур­нирде бірнеше салмақта Алматы және Атырау облыстарының, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының өрендері бас жүлдеге ие болса, жеті салмақ дәрежесінде татами иелері бірінші орынға ие болды. Жергілікті балуандар Дәулет Аманұлы, Сұлтанбейбарыс Сүлейменовтер маман­дар назарына ілікті.
Дзюдодан ҚР мемлекеттік жаттық­тыру­шысы Ержан Байжұманов:
– Семейде көптен бері жөні түзу спорт кешені жоқ еді. Енді міне, «Ертіс» кешені ашылып, дүбірлі жарыс өткізуге өте қолайлы болды. Емін-еркін үш татами төседік. Қатысушылар саны да көп болды. Енді шілде айында Ақтауда жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтеді. Сол сыннан кейін топжарғандардан ұлттық құрама жасақтаймыз, – деді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста