Тарихи тұлғаны еске түсіруге арналған... төбелес

Тарихи тұлғаны еске түсіруге арналған... төбелес

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде ширек ғасырдан астам уақыт қазақ спортын басқарған көрнекті мемлекет қайраткері Аманша Ақпаевтың 75 жылдық мерейтойына орай ұлттық жекпе-жектен еліміздің үздік спортшылары арасында ашық турнир өтті.
Марқұм Аманша Сейсенұлын еске түсі­руге арналған турнирді ҚР жекпе-жек фе­дерациясы мен Алматы қаласы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Білекті де жүректі жігіттердің аталмыш айқастарына ұзын саны 100-ден астам спортшы қатысып, то­ғыз салмақ дәрежесі бойынша бабы мен бағын сынады.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған атпал азаматтар, спорт ардагер­лері Аманша Сейсенұлының қазақ спор­тына сіңірген ерен еңбегі, кәсіби қабілеті мен біліктілігі, адамгершілігі турасында өз ойларын айтып, марқұмның рухына тағ­зым етті. 1971 жылы Қазақ ССР-нің Дене тәр­бие­сі мен спорт комитетінің төрағасы қыз­метіне тағайындалған 34 жастағы Аман­ша Ақпаев еліміз өз алдына егемен­дік алғанға дейін өз міндетін абыроймен атқа­рып, 1993-2000 жылдар аралығында Ұлт­тық олимпиадалық комитетті табысты басқарды.
1996 жылы АҚШ-тың Атланта қала­сында алауын жаққан жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары тұң­ғыш рет Тәуелсіз мемлекет ретінде қаты­сып, үш алтын, төрт күміс, төрт қола жүл­де­ге қол жеткізді. Ал 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында жерлестеріміз үш ал­тын, төрт күміс медаль олжалады.
Осы жетістіктері үшін Аманша Сей­сенұлы «Құрмет» орденімен және «Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері» атағы­мен марапатталды. Ел спортының өркен­деп өсуіне орасан зор үлес қосқан тұғыры биік тұлғаның бұдан өзге де орден-ме­даль­дары, атақ-дәрежелері бір басына же­тіп-артылады.
Өкінішке қарай, осындай ардақты азаматты еске алу турнирінде еліміздің жо­ғары лауазымды спорт басшылары төбе көрсетпеді. Бәлкім, олардың бұл ша­радан да маңызды қауырт шаруалары бо­лып, қолдары тимеді ме екен? Алайда осы келеңсіз жайттың өзі турнирдің жоға­ры деңгейде, қызықты әрі тартысты өтуіне кө­леңкесін түсірген жоқ.
«Достық» спорт кешеніне жиналған қа­лың жанкүйер көктегі Тәңір мен көкірек­тегі жүрегіне ғана сенетін «көк бөрілердің» жан алысып, жан беріскен адуынды ай­қас­тарына куә болып, қошемет көрсетті. Әсі­ресе жекпе-жек десе ішер асын жерге қоятын көпшілік алматылық «Алаш-Прайд» клу­бының үздік өкілдерінің бірі, 65 келі салмақтағы Ержан Естановтың өнеріне тәнті болды. Ержан осыған дейін жекпе-жектің түрлі тұжырымдары бо­йынша өткен халықаралық турнирлерде 22 кездесу өткізіп, соның 20-сында жеңіс­ке жеткен. Ал екі жеңілісінің соңғысы қыр­күйек айының соңында Жапонияда атақты Казуюки Миятамен болған жекпе-жекте тіркелді. Сондықтан Аманша Ақ­паев­ты еске түсіру турниріне «Алаш-Прайд­тың» «Ар­ланы» тек жеңіс үшін кел­ге­нін жасыр­ған жоқ. Финалға дейінгі қар­сыластарын бет қаратпай жеңген Естанов ақтық ай­қас­та «Кинг» клубының үміті Қа­нат Рахы­мов­ты екінші раундта қылқын­ды­ру әдісі­мен жеңіп, атына заты сай екенін дәлел­деді.
«Алаш-Прайдтың» тағы бір өкілі, 70 келідегі Ермек Тлауов та жанкүйерлердің қызу қошеметіне ие болды. Ермек ере­же­сіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чем­пио­ны Ардақ Назаровтың «Әлем-Фай­терс» клубында өнер көрсететін таны­мал спорт­шы Нариман Мұсаевты 20 се­кунд­қа жет­кіз­бей жойқын соққысымен но­каутқа жі­бе­ріп, таза жеңіске қол жет­кізді.
Дәл осындай жағдай аса ауыр салмақ­тағы алыптардың ақтық айқасында да қайталанды. «Алашпрайдтық» Шахмарал Жепісов Жамбыл облысының спортшысы Аманжол Турабаевты небары 15 секундта оң қолының алапат соққысымен боз кі­лем­ге есінен тандыра сұлатып салды.
Ал 85 келідегі өскемендік «Антей» клу­бының өкілі Райхан Мәдинов пен «Алаш-­Прайдтың» мүшесі Артем Резников ара­сын­дағы жекпе-жек өте тартысты өтті. Ер­кін күрестен спорт шеберлігіне үміткер, мы­ғым денелі Артем 5 минуттық алғашқы раунд­та өскемендік тәжірибелі қарсыла­сын қайта-қайта астына жығып алып, сәл-пәл басымдық көрсеткендей болды. Алай­да екінші раундта әккі Райхан 20 жастағы бәсекелесінің осал тұсын тауып, қылқын­дыру әдісімен таза жеңіске жетті.
Турнир қорытындысында жеті салмақ дәрежесінде үздік шыққан «Алаш-Прайд» клубы командалық есепте топ жарса, екі алтын олжалаған өскемендік «Антей» клу­бы екінші орынды иеленді. Жеңімпаз­дар мен жүлдегерлерге ұйымдастыру­шы­лар тарапынан кубок, медаль, диплом­дар­мен қоса, қомақты сыйақылар табыс етілді. Ұлттық жекпе-жектен өтетін келесі дүбірлі дода осы айдың 26-27-сінде Тал­ды­қорған қа­ласында жоспарланып отыр­ған Қазақ­стан кубогы болмақ.
Сабыржан Махметов, ҚР жекпе-жек федерациясының президенті:
– Халқымызда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген аталы нақыл сөз бар. Бұл жалғанда ешкім мәңгі жасамайды. Сон­дықтан өмірден өткен ардақты арда­гер­лерімізді ұмытпай, еске алып тұру – бә­рі­міздің адамдық, азаматтық пары­зымыз. Аманша ағамыз – қазақ спортын дамыту бағытында ұзақ жылдар бойы аянбай тер төккен тарихи тұлға. Өкінішке қарай, мұны қазіргі жастардың көпшілігі біле бермейді. Өйткені оған біз, яғни аға буын кінәліміз. Ел спортының тізгінін ұстап отырған қазіргі шенділердің бар­лы­ғы дерлік сол кісінің шекпенінен шы­ғып, шапағатын көр­ген. Алайда соңғы жыл­да­ры Ақпаев­тың отандық спортқа сіңірген үлкен еңбегі турасында көп айты­ла бер­мей­тін болды. Сол себепті Аманша аға­мыз­дың көзін көр­ген, қол­да­уын сезін­ген мен сияқты өзге де спорт сала­сында жүр­ген азаматтар өт­ке­німізді ұмытпай, өске­лең ұрпаққа жан-­жақты на­си­хаттай білуі­міз қажет. Амал не, бұл еске алу тур­ниріне жоғарыда отырған спорт бас­шы­лары кел­меді. Бірақ ойланар деген үмі­тім бар. Ал Аманша Сей­сенұлын еске түсіру тур­нирін, бұйыртса, болашақта ха­лық­ара­лық дең­гейге көтеру­ге күш сала­мыз.

Аманша Ақпаев турнирінің ақтық айқастары
(жеңгендер бірінші жазылды):
55 келі: Бекжан Өтемісов («Алаш-Прайд», Алматы) – Мейір Әбілғазиев (62-гимназия, Алматы)
60 келі: Рауан Дарынбаев («Алаш-Прайд») – Айбек Молдағұлов («Еділ», Алматы)
65 келі: Ержан Естанов («Алаш-Прайд») – Қанат Рахымов («Кинг», Алматы)
70 келі: Ермек Тлауов («Алаш-Прайд») – Нариман Мұсаев («Әлем Файтерс», Алматы)
75 келі: Айбек Сәметаев («Антей», ШҚО) – Елшан Мұхтаров («Салладин», Алматы)
80 келі: Шахвалад Юсупов («Алаш-Прайд») – Руслан Рахманов («Еділ», Алматы)
85 келі: Райхан Мәдинов («Антей») – Артем Резников («Алаш-Прайд»)
90 келі: Әділ Боранбаев («Алаш-Прайд») – Дулат Әбдіраимов (Қапшағай)
+ 90 келі: Шахмарал Жепісов («Алаш-Прайд») – Аманжол Турабаев («Қордай», Жамбыл облысы)

Бақтияр ӘСІРЕНКИЕВ, арнайы «Алаш айнасы» үшін

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста