Талай қыз-жігіттерді нокаутқа жібергем: Айшолпан Тілеутай айтыстан бөлек бокстан спорт шебері
Жас айтыскер Айшолпан Тілеутай бокстан спорт шебері. Бұны айтыскердің өзі мойындады. Рэп әуенімен айтысып, көрерменін қызықтырып үлгерген айтыскердің көпшілік біле бермейтін қырлары көп.
Бұл туралы "Қайырлы таң" бағдарламасында айтылды.
Айшолпан Тілеутай Семей өңірінің тумасы. Аягөзден шыққан сұлу аз ғана уақыт ішінде көпке танылып, көрерменнің көңілінен шықты. Шоу айтыста топ жарып, хит айтыс жасады. Айшолпан оқушы күнінен айтысып келеді. Көгілдір экранға шыққан соң танымалдығы артып, көрерменін еліктіріп әкетті.
Өзін Ринат Зайытовтың шәкіртімін деп таныстырған қыз өнері мен өзі жайлы айтты.
"Мен Балғынбек аға ұйымдастырған шоу-айтысқа қатысып таныла бастады. Алла бармақтай бақ берген шығар. Бір әнім тез тарап, содан тыңдарманым арта түсті. Жастарды айтысқа осылайша қызықтыру керек. "Енді не істейміз?" деп айтысамын деп, барлық желіде танымал болдым. Айтысты шоу жасап, рэп оқып айтса, жастар да қызығады. Айтыста көнерген көз, құнды көздер көп. Оның бәрін жастарға жеткізе айту мүмкін емес", - деді Айшолпан.
Жас айтыскер бала күнінен ер бала секілді өскен. Өзі де ер мінезді. Жастайынан спортқа қызыққан. Бокста спорт шебері атанған.