Шымкентте садақ ату спорт кешені ашылды

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионы аумағынан садақ ату спорт кешені ашылды. Енді оңтүстіктің құралайды көзге атар мергендері оқу-жаттығуын өзге қалаларға барып өткізбей-ақ, өз жерінде жалғастыруға мүмкіндік алды.
Пайдалануға берілген садақ ату спорт ке­шенінің ашылу салтанатына  Оңтүстік Қа­зақстан облысының әкімі Асқар Мырзах­метов келіп, спортшылар мен олардың бапкерлерінің қуанышына ортақтасты.
Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Бүгін бізде спорт саласы мамандары үшін, оның ішінде садақ ату мамандары үшін қуанышты жағдай. Өздеріңізге мәлім, са­дақ ату спорты бойынша оңтүстік­қа­зақ­стан­дық өрендер дүбірлі додаларда на­мысты қолдан берген емес. Мәселен, са­дақ атудан Сидней Олимпиадасының қа­тысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александр Ли, Азия чем­пио­на­тының күміс және қола жүлдегері Ойбек Сай­диев, Азия чемпионатының күміс жүл­дегері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы Ерман Мұ­сабековтер талай рет маңызды сай­ыс­тар­да топ жарып, ел мерейін үстем етті. Жа­ңадан ашылып отырған садақ ату спорт ке­шені облыс атынан бақ сынайтын мер­ген­дердің дайындығын күшейтіп, алдағы өте­тін жарыстарға тыңғылықты да­йын­да­луына оң ықпал етері сөзсіз.

Шымкент қаласында халықаралық талаптарға сай садақ атуға арналған оқу-жаттығу орталығы бұрын-соңды болмаған. Спорт саласы мамандарының ұсынысымен қолға алынып, жергілікті биліктің тікелей қол­дауымен аяқталған бұл спорт нысаны бір мезетте 60 спортшыны қабылдай ала­ды. Шымкенттік спортшылардың көзайы­мы­на айналған кешен 0,72 гектар аумақты алып жатыр. Құрылысы 2012 жылы шілде айында басталып, спорт нысаны осы жыл­дың қазан айында аяқталды. Құрылыстың бас жобалаушысы – жергілікті «Сити Ин­жи­ни­ринг» ЖШС. Жүргізуші мекеме – «Kaz imau» ЖШС. Ке­шеннің салынуына об­лыс­тық бюджеттен 127,0 миллион қаржы жұмсалған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста