Спорттық шаралар жарнамаға зәру

Спорттық шаралар жарнамаға зәру

Елімізде өткен дүбірлі додалар кезінде стадиондар мен спорт­тық кешендерде көрермендердің өте аз болуы – сол турнир туралы жарнаманың өте әлсіз болуынан. Олай дейтініміз – еліміз­де қала көшелерінде жарнама ілу бағасы 1,5 миллион теңге­ге жетіп-жығылады.
Қазақстанда спортпен айналысушы­лар­дың санын 30 пайызға жеткізу үшін қол­дан келер бар жағдайды жасап-ақ жа­тыр. Аймақтарда жаңадан спорттық кешендер салынып, елімізде өтетін халық­аралық додалардың да санын еселеттік. Бірақ байқайсыздар ма, қай доданы қа­был­дасақ та, стадиондарда, спорт кешендерінде көрермен өте аз отырады. Шаң­ғымен тұғырдан секіру спортынан өтетін Әлем кубогының кезеңдерінде де трибуналардан спортшылардың туыстарын, еріктілерді немесе кездейсоқ тап болған, ары кетсе жүз шақты көрермендерді ғана көресің. Допты хоккейден әлем чем­пио­натында ше? «Бәрі керемет. Өте жақ­сы ұйымдастырылған. Бірақ бұл – дүние­жү­зілік дода ғой. Неге көрермендер өте аз?»  – деп, командамыздың капитаны Рауан Исалиев те аң-таң болып жүрді. Басқа до­да­лардың да жайы – осы.
– Мұның барлығы жарнаманың әлсіз­дігінен ғой. Алматы көшелерінде жарнама ілу өте қымбат. Сондықтан турнир ұйымдастырушыларының бұған шамалары жетпей, көрермендерді басқалай жолдармен шақыруға мәжбүр болады, – деп бір мәселенің шетін қылтитты «Астана арланс» бокс клубының бас директоры Болат Манкенов.
Тиісті орындарға хабарластық. Сөйт­сек, расымен де, Алматыда жарнама ілу бағасы өте қымбат екен. Алдымен «Алматы қала безендіру» АҚ-тың телефон нөмі­рін тердік. Аялдамалардың маңы бар, бас­қа орындар бар – Алматыда жарнама ілетін барлығы 118 арнайы орын бар екен. А2 форматтағы бір жарнаманың бір ап­та­лық құны – 250 теңге, А1 форматтағы бір жар­намаң бір апта ілініп тұруы үшін 500 теңге төлеуің керек. Ал «Алматы жар­нама» МКМ-нің қызмет ақысы тіптен қымбат. Қала кө­ше­леріне, жолдардың жиегіне үл­кен пла­каттар мен баннерлерді ілу құны көше­нің адамдар көп жүретіндігі мен баннердің көлеміне байланысты 100 мыңнан 1,5 мил­лион теңгеге дейін тұрады екен. Бұған 40 АЕК-пен есептелетін салық­ты қосыңыз. Әлбетте, егер жарнамаңыз ұзақ тұруы керек болса немесе бір емес, бірнеше жарнама ілетін болсаңыз, қандай да бір жеңіл­діктер болуы да мүмкін.
Дегенмен жарнамаларды ілу құны емес, олардың бағасы спорттық додалармен қатар, казино, ойын-сауық орталығы, концерт тағы басқа шараларға да бірдей болып тұрғандығы толғантады. Әлбетте, казино, ойын-сауық орталықтары үшін жарнаманың құны әлгіндей болғандығы бір жағынан дұрыс та. Дегенмен халқының 30 пайызын спортқа баулуды мақсат тұтып отырған ел үшін спорттық шараларға келгенде жарнамаларды тегін жарияласа да, артықтық етпес еді. Егер жарнама жақсы болса, билет бағасы бес жүз емес, бес мың тұрса да, жұрттың турнирді көруге құлшы­ныспен келетінін әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырған жоқ па? Ал бізде жарнама жариялаудың қымбаттығынан спорттық шаралар қала көшелерінде жарияланбайды да. Нәтижесінде турнир кезінде көрер­мендер де аз болады.
Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:
– Бүгінде жарнаманың маңызы зор болып кетті ғой. Ал бір жарым миллион­дай халқы бар Алматы секілді ірі мегополис үшін қала көшелеріндегі жар­на­ма­лардың маңызы тіптен өлшеу­сіз. Бұл жерде аялдамалардағы ұсақ жар­нама жайлы емес, көше қиылыс­та­рындағы ірі баннерлерді айтып отырмын. Халық сол үлкен баннерлердегі жарнамаларды жандарына жақын қабыл­дайды. Онда жарияланған нәр­сені керемет дүние деп ойлап, оған қатты мән береді. Осындай мүмкіндікті пайдаланбай қалуға болмайды. Шыны керек, бүгінде бізде жарнама ілетін ор­ындардың бәрінің иесі бар. Жар­на­маңды ілейін десең, иесі кім екенін таппай сандаласың. Ал спорттық шара­ларға жарнамаларды тегін ету үшін әлгі жарнама тұратын орындардың бар­лығын үкімет өз қарамағына алуы керек. Сонда бөліп беру, тегін ету немесе арзан бағаға жарнаманы ілу деген мә­се­лелердің барлығы оңай шешіледі. Мәселен, турнирді өткізетін федерация баннерлерді өздері дайындасын, ал сол баннерлердің қаланың қай көше­лерінде ілінуі керек екенін үкімет, атқа­рушы орган шешіп, арзан бағаға сатсын. Сонда ғана бұқара халықты кең көлем­де спортқа тарта алар едік.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста