Спортта қазақ қыздары неге аз?

Спортта қазақ қыздары неге аз?


Ольга Шишигина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Қазақтар деп қана бөлуге болмайды. Бүгінде спортта қазақ қыздары ғана емес, өзге ұлттың өкілдері де өте аз. Мұның себебін былайша түсіндіруге болады. Қазір спортпен айналысып жүрген буын – 1990 жылдардың замандастары. Ал ол кезде өздеріңіз білесіздер, мемлекетіміз аяқтан енді ғана тік тұрып келе жатқан кез. Спортқа аса көңіл бөліне қойған жоқ. Сондықтан сол буынды жоғалтып алған жайымыз бар. Оның үстіне, шыны керек, біздің қыздардың көбі өздерінің икемдері келетін күрес, ауыр атлетика сынды спорт түрлеріне баруға арланады. Негізі, мұндайда ұятты аздап жиып қойған дұрыс болар еді. Спорт аренасында спортшы болып, былайғы өмірде қызға тән қылықтарыңды сақтай алсаң, сені барлығы құрметтейді. Ұялудың қажеті жоқ. Дегенмен бұл тұрғыда оң өзгерістер байқалып келеді. Енді төрт жылдан кейін қазақ арулары да әлемдік ареналарда атой сала бастайды деп үміттенемін.


Ерік Алғабекұлы, әйелдер боксынан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері:
– Спорттың басқа түрлеріне жауап бермей-ақ қояйын, бокста қазақ қыздары көбейіп келе­ді. Мәселен, жақында Қазақстан чемпиона­ты өтті. 300 боксшы қыз қатысты. Соның 90 пайызы өзі­міздің қаракөздеріміз болды. Сон­дықтан бокста аруларымыз уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Бұл  – қуанарлық жағдай. Лон­дон Олим­пиа­дасына Саида Хасенова қатысты. Рас, жүл­делі орынға жете алмағанымен, маман­дар­дың жо­ғар­ғы бағасын алды. Әлемдік ареналарда жұды­рықтасып жүрген қаракөз қыз­дарымыз аз емес. Дегенмен келісемін, әлі пәлендей жетістіктерге жете алған жоқ. Бірақ енді төрт жылдан кейін өзіміздің сұлулар да қарсыластарына бет қаратпайтын болады. Мұны мен нық сеніммен айтып тұрмын. Өйткені жастар арасында дарынды қазақ қыздары өте көп.


Татьяна Аманжол, әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:
– Спортта бәсекелестік өте жоғары. Сондай-ақ қазақ қыздары да тым аз деп айтпас едім. Мәселен, менің салмағымда маған бәсекелес бола алатын қыздар өте көп. Қазір санап берем... (Аздаған үнсіздіктен соң) ...Кешіріңіз, саусақта­рым­ның саны жетер емес. Ал жетістіктер бола­шақта болады. Тек балуандарға тиісті жағдай жасау қажет. Өйткені, шыны керек, күреспен айналысып, кейін тастап кетіп жатқан қаракөздер аз емес. Әйтпесе қазақ қыздарының боз кілемдегі әлеуеттері ешкімнен кем емес. Өзімнің көптеген досым қазақ. Қаншалықты мықты екендіктерін де білемін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста