Шавкат Рахмонов UFC-мен жаңа келісімшартқа отырды
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"UFC-мен жаңа келісімшарт жасастық. Спорт біздің жұмысымыз болғандықтан, сол жұмысқа сай табыс тапқымыз келеді. Сол үшін келісімдегі шарттарды қайта қарадық, қазіргі келісімшарт жақсы, Қазақстанда мұндай келісімшартқа отырған файтер әзірше болған жоқ. Жаңа келісімшарт бес жекпе-жекке есептелген. Оның біреуін өткіздім, енді төртеуі қалды. Бірақ екі-үш жекпе-жектен кейін UFC жаңа келісімшарт ұсынуы мүмкін", - дейді Рахмонов.
Еске салайық, соңғы кездесуінде отандасымыз Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Vegas 57 турнирінде Нил Мэгниді қылқындыру әдісімен жеңген еді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу