Жыртқыш құстардың барлығы өз табиғи ерекшеліктеріне қарай түр-түрге бөлінеді.
Қазіргі кезде Қазақстанда кездесетін жыртқыш құстардың көбі – бүркіт, сұңқар, жыланшы қыран, бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, кезқұйрықты субүркіт, аққұйрық субүркіт, жұртшы, ақсұңқар, ителгі, лашын, сақалтай, құмай, қанық, қаршыға, алақұмай, тұйғын, балықшы тұйғын, жағалтай, безгелдек, кезқұйрық, бөктергі, алтай ұлары т.б.
Мұның әрқайсысының өзі түр-түрге бөлінеді. Мәселен, елімізде бүркіттің жеті түрі мекендейді. Олардың арасындағы ең бір ғажабы – қыран бүркіт. Ол – қасқырды да алатын, өте күшті әрі денелі, алып құс. Біздің ата-бабаларымыз ежелден осы құспен аң аулауды ерекше құмартқан.
Сол кекілді тұйғын құстың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ақтұйғын, мырзатұйғын, кіршетұйғын, құлтұйғын...
Ал сұңқарлар: ақсұңқар, көксұңқар, қызылсұңқар, қоғырсұңқар т.б.