Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова күйеуімен түскен барлық суреттерін Instagram желісіндегі парақшасынан өшіріп тастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
Не себепті өшірген туралы волейболшы былай деп жауап берді:
"Біз Саятпен бірлескен суреттерді жариялаған кезде кенеттен бір нәрсе өзгеретінін байқаймыз. Әрине "көз" деген бар. Сондықтан біз бірге түскен суреттерімізді сирек салуға шешім қабылдадық. Басқа ой болмауын сұраймын", - деп жазды Алтынбекова.