Қысқы спорт түрлерінің ерекшеліктері

 Бүгін біз қысқы спорт түрлерінің ерекшеліктері мен артықшылықтарына тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз, деп жазады "Алаш айнасы".

Өздеріңіз білесіздер, 2011 жылы Астана мен Алматыда VІІ қысқы Азия ойындары өтті. Сонда кейбіреулер "Ақ Азиаданы неге толығымен Астанада өткізбеген" десе, қайсыбір алматылықтар "коньки спорты түрлерін жақсы көруші едім, бәрі Астанада екен, неге екі қалаға тең бөліп өткізбеген, тым болмаса шорт-трек жарыстары бізде өткенде ғой" деп, кейіс білдірді. Ал базбіреулер "шаңғы және биатлон жарыстарын қары қалың Арқада өткізбей ма екен, Алматыда қар аз, шаңғышылар қара жермен жүгірмек пе" деп таңданған да...

Сонда жанкүйерлердің көбісінің шаңғы спорты түрлерінің жарыстарын Астанада өткізе алмайтындығымызды білмейтіндіктерін байқағанбыз. Себеп – елода суық, қысы қатты, аязы шытымыр. Ал далада өтетін шаңғы спорты түрлері жарыстарының бәрі ондай суық жерлерде өткізілмейді. Ауаның темпертурасына байланысты шектеулері бар.

Бұл жөнінде біз даңқты шаңғышымыз Владимир Смирновтан сұрағанымызда, ол "халықаралық талап бойынша, биатлоншылар жарыстары 18 градустан төмен (–18ºС), шаңғымен жарысушылар бәйгелері 21 градустан төмен (–21ºС) суықта өтпеуі керек" деген болатын. Көрдіңіздер ме, осы халықаралық талапқа сай біз шаңғы спорты түрлері жарыстары мен сайыстарын Астанада өткізе алмаймыз.

Өздеріңіз ойлаңыздаршы, 30 градус суықта шаңғшылар 30 шақырымдық қашықтыққа жарысса, ертеңінде бірде-біреуінің орындарынан тұра алмай қалуы мүмкін ғой. Тамақтарынан суық тиіп, төсек тартып, жатып қалмай ма, бәрі.
Сондықтан 2011 жылы Астана VІІ қысқы Азия ойындарындағы тек конькилі спорт түрлерін өткізуге мәжбүр болды. Себебі конькимен жарысу және шорт-трек бәйгелері, мәнерлеп сырғанау спортының сындары, шайбалы хоккей ойындары – бәрі де төбесі жабық кешендерде өтеді. Ал оларды жылытуға болады.

Сол жылы (2011 жылы) Алматыда қар шынымен де аз (жұқа) болды. Негізі, Алматы ғана емес, шаңғы және биатлон жарыстарын өткізетін қалалардың көбісі осындай қиындықтарға тап болып жатады. Сондықтан жасанды қар жасау жағы ойластырылған...

Қазіргі озық технологияның арқасында жасанды қарды "зеңбірекпен" атқылап, "қар жауғызады". Бірақ ол үшін шектен тыс көп су керек. Миллиондаған литр! Сол себепті шаңғышылар мен биатлоншылар стадионынның маңайына су қорлары қоса салынады. Мұндай жарыстар негізінен таулы-қыратты жерлерде өтетін болғандықтан, шет елдерде табиғи қарды жоғарыдан тасып, қар көшіру жұмыстарын тиімді жүргізу мәселесі де қарастырылады.

Ендігі бір мәселе, жоғарыда айтқанымыздай, шаңғышылар мен биатлоншылар жарыстары қысы жұмсақ өңірлерде өтеді. Яғни күн шақырайып шыққанда, жарыс жолдарына төселген қардың ери бастауы да ғажап емес. Тағы да бір көңіл аударарлық жәйт, шаңғышылар мен биатлоншылар белгіленген бір шеңберді айналып жарысады. Бір апта бойы жүз шақты спортшы әлгі жол сүрлеуімен күнде-күнде жарыса берсе, жол табанындағы қардан түк қалмайды ғой.

Қазақшалап айтқанда, жолды айдап тастайды да, қар жұқара-жұқара астындағы топырағы көрініп қалуы да мүмкін.
Сондықтан шаңғышылар мен биатлоншылар жүгіретін жарыс жолдары "цементтеледі", әлбетте. Жарыс күндіз немесе таңертең өтетін болса, түн жарымнан бастап жарыс жолдары тапталып, арнайы химиялық суспензиямен тығыздалады (цементеледі). Өздеріңіз байқап отырған боларсыздар, қысқы спорт түрлерінен жарыс өткізу оңай емес. Машақаты көп.

Қысқы спорт түрлерінде қазақ балаларының жоқтығы да осыдан. Қай ауылда шаңғышылар немесе биатлоншылар стадионы бар? Ауыл тұрмақ бетке ұстар қалаларымыда жоқтың қасы. Жалпы, шаңғы және биатлон жарыстары негізінен курортты қалаларда, әлемнің табиғаты сұлу ең тамаша жерлерінде өтеді. Сондықтан, балаларыңызды қысқы спорт түрлеріне беріңіздер, ағайын. Өйткені балаларыңыз жай ғана бәйгеге түсіп жарыспай, ел намысын қорғайды және осындай тамаша жерлерді аралап, көретін болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста