Құрама сұрыпталды

Дзюдодан Алматыда Азия чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Ермек Иманбеков тай жерінде ел намысын қорғайтын өрендердің есімін атады.

Бірден айта кетейік, Тайландтағы жастар мен жасөсіпірмдер арасындағы Азия чемпионаты сәуірдің 30-ы мен мамырдың 2-сі аралығында өтеді. Тай татамиінде ел намысын мына жігіттер қорғайтын болды: Елдос Сметов (55 келі), Алмат Мұхамедиев (60 келі), Наурызбек Майлашев (66 келі), Серікбол Нұралин (73 келі), Константин Рагозин (81 келі), Шыңғыс Өксікбаев (90 келі), Виктор Демьяненко (100 келі) және ең ауыр салмақта Дархан Темірханов.

Аға бапкер Ермек Иманбеков:
– Бәрі ойдағыдай болса, сәуірдің 28-інде Тайландты бетке аламыз. Биыл Қызылорда қаласында өткен ел чемпионатынан кейін құрама сапын іріктеп алғанбыз. Бірақ төл біріншілігімізде топ жарғандардың барлығы Азия чемпионатына бармайды. «Сарықұрлық» біріншілігінде ел намысын қорғайтындар жақында Германияның Бремен қаласында өткен халықаралық дәстүрлі турнирден кейін сұрыпталды. Сол жерде көрдік, кімінің қалай белдесетіндігін. Өз жеріміздегі татамиде тәп-тәуір күрескендерімен, түзде абыржып, білгенінен жаңылатын спортшылар да болады. Сол себептен халықаралық турнирде көзге түскендерді құрамаға енгіздік, – деді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста