Алматыдағы "Алматы Аренада" Hardcore Fighting Championsip (HFC) лигасының бірінші стадион турнирінің алтыншы ойыны аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл күні қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов (23-8) мен ресейлік Залимхан "Сабмишн Кинг" Юсупов (19-13) жекпе-жегі өтті.
Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа да созылды.
Төрешілер бірауыздан жеңісті Қуат Хамитовке берді.