Қою күрең шай – Азия ойындарының сусыны

Қою күрең шай – Азия ойындарының сусыны

Кеше VIІ қысқы Азия ойындарының ресми серіктестерінің бірі «Asia Tea» ЖШС-інің «Рахмет» маркалы шайының тұсаукесер рәсімі өтті.
Еліміздің ең әдемі және еңселі қос қаласында, яғни Астана мен Алматыда өтетін VIІ қысқы Азия ойындары кезінде қонақтарға арналып, қазақтың мәдениетін, салт-дәстүрін паш ететін және сомдайтын әртүрлі шаралар өткізілетіні белгілі. Осындай мәдени және спорттық шара­лар­дың сәнін келтіретін дастарқанда шайдың алар орны бөлек емес пе? Сон­дықтан шәй қазақы қонақжайлылықтың символы ретінде VIІ қысқы Азия ойындарының рес­ми сусыны ретінде таңдалып алыныпты.
Жалпы, VIІ қысқы Азия ойындарының маркетингтік және жарнамалық бағыты мен ұстанымы отандық өндірушілерге өздерінің брендтерін (өнімдерін) паш етуге мүмкіндік беру болып табылады. Отандық өнімдердің кеңінен таныла беруіне мүмкіндік туғызу – ізгілікті іс. Осыған орай, отандық өндірушілер де осындай тамаша мүмкіндікті пайдаланып, Азия ойындары арқылы өз брендтерін төрткүл дүниеге танытуды көздеп, аталмыш дүбірлі доданы аса жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатса, нұр үстіне нұр емес пе?!
Кеше VIІ қысқы Азия ойындарының ресми серіктестерінің бірінің тұсаукесер рәсіміне көптеген лауазымды тұлғалар қатысты. Олардың арасында «Asia Tea» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің лауазымды тұлғалары да болды. Олар өз жоспарларын тілге тиек етіп, «Рахмет» ша­йы­ның тарихына тоқталып өтіп, же­тіс­тіктерін жіпке тізіп шықты. VIІ қысқы Азия ойындары кезінде осы дүбірлі додаға қа­тысатын спортшылар мен ресми тұл­ға­ларды, қонақтар мен журналистерді ыстық шаймен жылытып, сергітетіндерін де айтты. Азия ойындарының барлық ны­сан­да­рында «Рахмет» шайы Ақ Азиада ойын­дарына қатысушыларға тегін ұсынылады. Осы орайда аталмыш компания егде адам­дар мен мүгедек балаларға көмек көрсету қорына шәй будаларын бергендерін атап өтті.
Бір жағынан бұл да дұрыс. VIІ қысқы Азия ойындары кезінде қонақтарға батыстың сусындарын көлденең тартпай, өзіміздің қою күрең шайымызды ұсын­ғанымыз қандай ғанибет. Қазақтың шайды сораптап ішкенді жақсы көретін халық екенін білсін, бүкіл әлем. Олар да маңдайлары жіпсіп, жүрсін ертеңгі суықта...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста