Қазақстандық спортшы, аралас жекпе-жек жауынгері Артем Резниковты Тайландта тонап кетті. Ол 7000 долларынан айырылғанын айтып отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Спортшы бұл туралы өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жазды. Оның айтуынша, ұрылар виллаға түсіпті. Ұйықтап жатқанында сөмкесінде тұрған 7000 долларды қолды қылған.
instagram.com/artem.rez
Достар, Пхукетте жайсыз жағдай болды. Виллаға ұрылар кіріп, ақшамды қолды қылған. Абырой болғанда құжаттарыма тиіспепті. Демалысымыз осылай өтіп жатыр, — дейді ол.
Сонымен қатар спортшы өзге де қазақстандықтардың мұндай жағдайға тап болмауы үшін қашан да сақ болу керектігін ескерткен.
Артем Резников "АСА" қарамағында жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек жауынгері (ММА). Қазақстандық "Алаш Прайд" ұйымының чемпионы. Ол 1992 жылы Риддер қаласында дүниеге келген.