Ақмолалық спортшы Матильда Бачурина ММА-ден әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Әлем біріншілігі Сербияда өтіп жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сербияның Белгород қаласында сайысқа әлемнің 62 елінен 600-ге жуық спортшы қатысып жатыр екен.
"Ақмола облысының спортшысы Матильда Бачурина 20 жасқа дейінгілер категориясында Қазақстан, Украина, Германия спортшыларын жеңіп, әлем чемпионы атанды", – деді Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.
Спортшының жеке жаттықтырушысы Баян Жанғалованың айтуынша, Бачурина аталмыш сайыста Қазақстан құрамасына алғашқы медаль сыйлаған.