Қазақстандық Олимпиада жүлдегері допинг дауына ілікті

Қазақстандық Олимпиада жүлдегері допинг дауына ілікті

Қазақстандық ауыр атлет, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон допинг дауына байланысты спорттан 8 жылға шеттетілді. , - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ұлттық антидопинг орталығының ресми сайты хабарлады.

 

Игорь Сон 8 жыл бойы спорттық жарыстарға қатыса алмайды. Нақтырақ айтсақ, 2030 жылдың наурыз айына дейін қатысуға рұқсаты жоқ. Ал шеттетілу уақыты 2022 жылдың наурыз айынан басталған. Спортшының допинг сынамасынан метастерон анықталған.

 

Қазақстандық атлет 2020 жылы Токиода 61 келіге дейінгі салмақта қола жүлде еншілеген еді. Ал 2019 жылы әлем чемпионатында күміс алған.

 

Игорь краьерасында екінші рет допинг дауына ілігіп отыр. Бұған дейін қазақстандық ауыр атлет 2015 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін бірнеше айға жарыстардан шеттетілген. Ол кезде спортшы тыйым салынған препарат ағзасына биоқосымшалар арқылы түскенін дәлелдеп шыққан еді.

 

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) ережесіне сәйкес, допинг қолданғаны жарыстардан шеттетілген спортшының Олимпиададағы нәтижесі де жойылады. Игорьды да сондай жағдай күтіп тұруы мүмкін.

 

Қазақстанның Ұлттық антидопинг орталығы Игорь Сонды ғана емес, бірқатар спортшыларды жарыстардан шеттетті. Олардың қатарында ауыр атлеттерден өзге таеквондо мен жеңіл атлетика өкілдері да бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста