Қазақстан құрамасы Универсиаданы жеңіспен бастады

  • 8

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Әлемнің 50 елінен студенттер қатысып жатқан спорттық жарыс АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтуде, - деп хабарлайды Alashainasy.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Жарыс алдында министр Саясат Нұрбек жас спортшыларға сәттілік тіледі.


«Спорттағы сәттілік тек еңбекпен және күш-жігермен бірге келеді. Сондықтан сіздерге шыдамдылық, ішкі шабыт және жеңіске деген мызғымас сенімділік тілеймін. Біздің құрама еліміздің намысын лайықты түрде қорғай алатынына сенімдімін», – деп атап өтті министр.


Бүгін қысқы Универсиададағы алғашқы ойынды Қазақстанның хоккейден ерлер құрамасы ойнады. Оңтүстік Корея құрамасына қарсы бастапқы матчта біздің хоккейшілер 5:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының құрамында Алдияр Нұрлан, Максим Мусоров, Кирилл Полохов және Максим Мұхаметов шайба салды. Хоккей құрамасы Қазақ спорт және туризм академиясының студенттерінен тұрады. Қазақстандықтар В тобында өнер көрсетеді, онда Ұлыбритания, Мажарстан, Словакия және АҚШ командаларына қарсы ойнайды.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның намысын спорттың он түрінен 78 спортшы қорғайды. Студенттер биатлон, сноу­борд, шаңғы, тау шаңғысы, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы қоссайысы, коньки, шаңғымен трамплиннен секіру және шайбалы хоккей секілді спорт түрлерінен бақ сынайды.

Автор
Последние статьи автора
  • 364
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 528
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста