Қазақстан футболының тарихы жеті-ақ жыл ма?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бүгін дүниежүзі әлемнің нөмірі бірінші спорты – футболдың туған күнін тойлауда. Егер бірінші ресми қауымдастықтың құрылғанынан бастап санасақ, футбол бүгінде 147 жасқа толыпты. Осы 147 жылдың ішінде футбол қаншалықты өзгерді, нөмірі бірінші спорттағы Қазақстанның алған еншісі қандай? Міне, бүгінгі тақырыбымызда осы мәселелерді талқыламақпыз.
Футболдың нақты жасы нешеде?
Футболдың нақты жасының нешеде еке­ніне жауап беру қиын. Спорттың бұл тү­рі­нің адамзат тарихында пайда болғанына 147 жыл болды деп кесіп айтар болсақ, қатты қателескеніміз. Өйткені аяқ доп өне­рі­нің қашан пайда болып, қай халықтың ой­лап тапқанына зерттеушілердің өздері әбден бас қатырып болған. Бірақ нақты жауа­бы сол күйі табылмады. Оған себеп те жоқ емес. Себебі футболдың отаны – Англия деп айтқанымызбен, әр ел оны өзіне тартуда. Мәселен, археологтер Египет жерінен біздің заманымызға дейінгі 1900 жылдарға тиесілі футболдың элементтері бейнеленген жалпақ тастарды тапқан екен. Сондай-ақ Грекия жерінен де футболға қа­тыс­ты археологиялық заттар табылған. Нақ­тырақ айтсақ, Афины мұражайында доп теуіп тұрған адамның бейнесі бей­не­лен­ген қыш құмыра сақталып тұр. Зерт­теу­шілер бұл құмыраны біздің заманымызға дейінгі 4000 жылдыққа жатқызады. Айта берсек, мұндай мысалдар жетіп-ар­ты­лады. Мәселен, Қытай, Үндістан, Мек­сика, Италия жерлерінен де архео­логтер біз­дің заманымызға дейінгі пәленбай мың жылдықтарға қатысты заттарды тапқан. Сондықтан «футболдың жасы 147-де және оны ағылшындықтар ойлап тапқан» деп ке­сіп айтуға болмайды. Ал «147 жас деген қай­дан шықты?» деген сұраққа келер болсақ, бұл тұңғыш ресми футбол қауым­дас­тығының пайда болуына байланысты. Яғни 1963 жылы Англияда тұңғыш футбол қауымдастығы құрылып, алғашқы ере­же­ле­рі қабылданып, футболды ағылшындар иеленіп алған болатын. Тағы бір айта кетер нәрсе – көптеген деректерде «Біріккен Ұлт­тар Ұйымының шешімімен 10 жел­тоқ­сан дүниежүзілік футбол күні болып бе­кі­тіл­ді» деп келтірілген. Дегенмен БҰҰ-ның ресми мерекелерінің ішінен футбол күнін жүз іздесек те, таппадық.
Футбол қаншалықты өзгерген?
Футбол ойынын ежелгі халықтар әр­түрлі ойнаған. Мәселен, ежелгі Қытай же­рінде футбол «цу чю» (допты итеру) деп ата­лып, екі топқа теңдей бөлінген ойын­шы­лар ортада тұрған допты бір-бірінен өт­кізуі керек болған. Эскимостарда да сол сияқ­ты, бірақ мұз үстінде ойналған ойында коман­далар допты бір-біріне беріп қой­мауға тырысқан. Ежелгі халықтардың көбі­сінің футболы бір-бірінікіне ұқсастау бол­ған. Ал Англияны мекен еткен саксондар со­ғыстан кейін жауларының бастарын доп ре­тінде теуіп ойнаған. ХVI ғасырда Англия кө­шелерінде тұрғындар футболдың қазіргі ережесіне ұқсас ойынды ойнаған. Алайда ол кезде ешқандай ереже болмағандықтан, көп жағдайда ойын ауыр жарақатпен аяқ­та­лып, аяғы тіпті өлімге ұласып отырған. Фут­болдың алғашқы ережелері жоғарыда ай­тып өткендей, тек 1863 жылы ғана пай­да болған.
Қазақстан футболының туған күні қашан?
Ережелері қабылданған футбол Ан­глия­дан басқа елдерге де жылдам қар­қын­мен кеңінен тарала бастады. 1873 жыл­дан бастап халықаралық ойындар ой­нала бастады. 1884 жылы Британия, Шот­лан­дия, Уэльс және Ирландия құра­ма­ла­ры­ның арасында алғашқы ресми халық­аралық турнир өтіп, ХІХ ғасырдың соңына қарай Еуропаны жаулап алған футбол Латын Америкасына да ауыз салды. Ал 1904 жылы Бельгия, Дания, Голландия және Швейцария елдерінің бастамасымен дүние­жүзілік футбол федерациясы (ҒІҒА) дү­ниеге келді. Бүгінде ҒІҒА-ға әлемнің 208 елі мүше. Соның ішінде Қазақстан да бар. Жал­пы, отандық футбол зерттеушілерінің айтуынша, футбол қазақ жерінде 1913 жылдан бастап пайда болыпты. Этно­граф­тар­дың жазуынша, нөмірі бірінші спортты Қазақстанға Англиядан келген көпестер жеткізген көрінеді. 1913-14 жылдары Се­мей­де ССК, «Ярыш», «Олимп», «Ласточка» деген тұңғыш футбол клубтары пайда бол­ған. Тіпті солардың бірі «Ярышта» қазақтың көр­некті жазушысы Мұхтар Әуезов те өнер көрсеткен екен. Сондай-ақ бұл «Ярыш» халықаралық кездесу өткізген қазақтың тұң­ғыш клубы болып саналады. Рас, «Ярыш­тың» халықаралық ойындары рес­ми кездесулерге жатпаған. Десек те, бұл клуб еліміздің басқа қалаларында да фут­бол ұжымдарының ашылуына түрткі бол­ған. Атап айтар болсақ, Семейден кейін Ке­реку, Тараз қалаларында да футбол ко­мандалары пайда бола бастаған. Бірақ бір қызығы, нақтырақ айтқанда, өкініштісі, Қазақстан футбол федерациясы, сондай-ақ жанкүйер қауым да Қазақстан фут­бо­лы­ның тарихын жеті жылмен шектеп, туған күнін 25 сәуір күні тойлап жүр. Сонда 1913 жылдан бастап бізде футбол болмаған ба? Әлде УЕФА-ға кіргеніміз Қазақстан фут­бо­лының жалғыз жетістігі ме екен? Негізінде, Қазақ­стан футболының тарихын 2002 жыл­дан бе­рі емес, 1913 жылдан бері алу керек. Сонымен қатар ел футболының туған күнін 25 сәуір деп белгілегеніміз дұрыс емес. Аб­залы, «Ярыш» футбол клубының қашан құрылғанын анықтап, сол күнді ел фут­бо­лының туған күні деп белгілеу керек секіл­ді. Әлбетте, оны анық­тап зерттеу оңайға соқ­пасы белгілі. Бірақ XVIII ғасырдағы Абылай ханның атының тісін тү­гендеп жүрген тарихшы-этно­граф­та­ры­мыз үшін өткен ғасырда пайда болған футбол клу­бы­ның құрылған күнін анықтау қиынға соқ­пас деген ойдамыз. Мұны Қазақстан фут­бол федерациясы қолға алса, дұрыс болар еді.
Сонымен, футбол әлемін туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ал қазақ­стан­дық жанкүйерді ел футболының туған кү­німен қашан құттықтайды екенбіз?
Футбол ережесінің хроникасы:
• 1863 жылы футболдың алғашқы ере­желері қабылданды. 13 бөлімнен тұрған ере­женің үш бөлімі допты қолмен ұстауға болмайтындығына арналды.
• 1871 жылдан бастап, қақпада қақпа­шы тұра бастады. Оған дейін соңғы шепте қалған кез келген футболшы қақпашы болып кете беретін. Сол жылы алаң көлемі 180х90 болып бекітілді. Сондай-ақ бұрыш­тама добы енгізілді.
• 1874 жылдан бастап футболшылар қор­ғаныс «шитоктарын» кие бастады. Сонымен қатар айып доптары белгіленетін болды.
• Алғашқы төрешілер 1873 жылы пайда бола бастады.
• 1878 жылдан бастап төрешілер ысқы­рық­ты пайдаланатын болды. Бұған дейін олар ауызбен ысқыратын немесе қоңы­рау­дың көмегіне жүгінетін.
• 1887 жылы ойынға «офсайд» түсінігі ен­гізілді.
• 1890 жылдан бастап қақпаға тор орна­тылды.
• 1891 жылы қапталдағы төрешілер пай­да болды.
• 1905 жылға дейін қақпашылар 11 метр­лік айып добы кезінде футболшының алдынан жүгіріп шығуға құқы болған. 1905 жылы бұған өзгеріс еніп, қақпашы пе­нальти кезінде орындаушының аяғы доп­қа тимей тұрып қозғалмау керек бол­ды.
• 1924 жылдан бастап бұрыштамадан гол соғуға рұқсат берілді.
• 2003 жылы футболшыларға ойын ке­зін­де немесе гол соғылғанда жейдесін ше­шу­ге тыйым салынды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста