Аралас жекпе-жектің қазастадық шебері Асу Алмабаев Азиядағы ең мықты ММА промоушендердің бірі - Brave FC лигасының "Жыл файтері" атанды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
2022 жылы Асу бұл лигада үш жеңіске жетті.
"Былтырғы "Жыл үздігі" 2022 жылға берген уәдесінде тұрды және оны қалай орындады десеңізші!!? Шынымен керемет өткізген жылмен құттықтаймыз", - деп жазыпты промоушеннің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2021 жылы Алмабаев Brave лигасының ең мықты сабмишен номинациясында жеңіске жеткен еді.
Асу өз кезегінде Instagram стрисінде жариялып жасап, қолдау көрсеткендердің бәріне алғыс айтып, ары қарай да жеңіске жете беруге уәде етті.