Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Динара Әлімбекова тегін ауыстырды. Ол биатлоннан Беларусь құрамасының капитаны Антон Смольскийдің тегін алды, деп хабарлайды Экспресс К.
27 жастағы спортшы қыз Антон Смольскийге тұрмысқа шыққан. Сондықтан күйеуінің фамилиясын алды.
Жанкүйерлері мені таниды деп ойлаймын, - деп жазды Динара.
Динара Әлімбекова 1996 жылы Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келген.
Әкем — қазақ, анам — орыс. Мен үш жасқа толғанда, ата-анам жұмыс бабы бойынша Беларуссияға көшіп келіпті. Осы жақта інім Женя дүниеге келді, - дейді спортшы.
Спортшы 2015 жылы Минскіде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының командалық сайысында топ жарды. Ал 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласындағы Олимпиада ойындарында Надежда Скардино, Ирина Кривко, Динара Әлімбекова және Дарья Домрачевалармен бірге командалық эстафетада топ жарды.