Қармақшы кілеміндегі той

Қармақшы кілеміндегі той

Самбодан Қызылорда облысының Қармақшы елді мекенінде Ұлы Жеңістің 66 жылдық мерейтойына орайластырылып, Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске түсіруге арналған халықаралық турнир ұйымдастырылды.
Осымен 16-ыншы рет өткізілген бұл тур­­нир бүгінде мемориал мәртебесіне ие болған. Қармақшыдан шыққан бес ха­лық­аралық дәрежедегі спорт шебері мен 45 спорт шебері – осы турнирден қанаттан­ғандар. Тіпті үш дүркін әлем чемпиондары Асхат Шахаров пен Ерболат Байбатыровтың, әлем чемпиондары Қоныс Жетпісов пен Дәурен Жайнақовтың да Қармақшы боз кілемінде белдескендерін жергілікті жанкүйер жадынан шығара қойған жоқ.
Дәстүрлі турнирдің ашылу салтана­тында Ризқұл Нұртаев пен Бағбан Тәйімбетовке Қармақшы ауданының құрметті азаматы атағы берілді. Биыл Көмекбаев турниріне еліміздің барлық аймағы және Беларусь, Қытай, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан елдері өздерінің білекті самбошыларын жіберіпті.
Ең жеңіл салмақта атыраулық Ербол Төлегенов бірінші орын алды. Қалған салмақтарда Аманхан Өскенбаев (57 келі, ОҚО), Қайрат Жалғасбаев (62 келі, Қармақшы), Олжас Батталов (68 келі, Ақтөбе), Қайрат Үсенов (74 келі, Қармақшы), Алмат Тайбағаров (82 келі, Қармақшы), Жасұлан Досымов (90 келі, Қармақшы), Сәкен Бөлеген (100 келі, ОҚО), Әділхан Сұлтанов (+100 келі, Тараз) сынды самбошылар жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ жылдағы дәстүр бойынша, келген қонақтарға төл күресімізді наси­хат­тау мақсатында қазақ күресінен бел­де­сулер ұйымдастырылды. Шетелден келгендер де боз кілемде қазақ күресі ережесімен белдесті. Бас жүлдеге тігілген 1 миллион ақшалай сыйлықты жергілікті балуан Жасұлан Досымов жеңіп алды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста