Қарағандыда оққа ұшқан қырандар

Қарағандыда оққа ұшқан қырандар

Қарағанды облысының Шахтинск қалалық ішкі істер бөлімінің қылмыстық полиция бөлімшесі аса қауіпті қылмыскер Владимир Вальериевич Шепинге іздеу жариялағалы бір жарым жылдың жүзі болды. В.Шепин 2009 жылдың 10 тамызы күні кешкісін Шахтинск қаласына кіреберістегі жанармай бекеті жанында белгілі боксшы, Азияның үш дүркін чемпионы, қазақ спортының үкілеген үміті – 20 жастағы Ермек Серіковті оққа ұшырған топтың ішінде болған деп айыпталуда.
Естеріңізге сала кетелік, сол тамыздың 10-ы күні Ермек Серікұлы ауруханаға жеткізілген сәттен сәл бұрын ғана қалалық полиция бөліміне автовокзал аумағында орналасқан жанармай бекеті тұсында белгісіз біреулер тапаншадан бірнеше мәрте оқ шығарып, әлдебір ер адамды атып кеткені туралы мәлімет түскен болатын. Оқиға болған күні кешкісін спортшымен сөзге келісіп қалған белгісіз жандар жанармай бекеті маңында оқ шығарған. Атыс болған тұста астаналық А. атты азаматтың меншігіндегі «Тойота Камри» көлігі қалған. Көліктің есігі, маңайы қанмен былғанған. Полицейлер жанармай бекеті маңынан жеті гильза мен шаппалы бәкі, тағы да басқа төбелес жарақтарын тапқан. Ал ауруханада көз жұмған Ермек Серіковтің денесінен бес жұмыр оқ алынған. Сол тұста аталмыш атысқа қатысқан бірнеше азамат тұтқындалып, тергеу амалдарынан кейін тиісінше жазаға тартылған болатын. Ал 1977 жылы туған В.Шепин әлі бас сауғалап, жасырынып жүр.

                                Абай ОМАРОВ (коллаж) 

Әлбетте, бұл оқиғаны қайыра еске салып, дарынды боксшыны танитын жан­дар мен туыстарының көңіліне қапелімде қаяу салу мақсатымыз емес. Тек ел намысын қорғар, елдің үкілі үміті болған оғланды атқан қылмыскердің әлі табылмауы ойымызға үлкен спорт пен қыл­мыс әлемінің арақатынасы тудырған оқи­ғаларды түсірген. Өткен ғасыр со­ңын­да болған үлкен өзгерістер, өтпелі ке­зеңдегі құбылыстар қылмыс әлемі мен спортшылардың жақындасуы, жаңа қо­ғамдық формация қарсаңындағы құн­дылықтар бөлісінің қарбаласына бедел­ді спортшылардың тартылуы туралы бұқа­ра­лық ақпарат құралдарында аз сөз бол­маған. Тіпті ресейлік және отандық телесериалдар, детектив жанрындағы орыстілді әдебиет жеткілікті. Әлбетте, біз жоғарыда еске алған боксшы бауырымызды қылмыс әлеміне қатысы бар деуден аулақпыз. Тек қапияда оққа ұшқан оғланның әлдебір болашағы күмәнді жандар қақтығысында қаза болуынан ел болып сабақ алатын уақыт әлдеқашан болғанын, бұл кеше де, ертең де маңызды тақырып бола беретінін ойға салмақпыз.
Ал Қазақстанның түкпір-түкпірінде қарулы қылмыстық топтар қақтығысына кездейсоқ қатысып, қапыда қаза болған спортшы аз емес екені анық. Біз Қарағанды аймағындағы мысалмен ғана шектелелік:
2000 жылдың күзінде Спортшыларды қорғау қорының вице-президенті, бел­гілі спортшы Мейрам Боранбаев өз үйінің кіреберісінде оққа ұшты. Макаров тапаншасымен алты оқ шығарған кил­лер салқынқанды есеп танытқан. Бұл қанды оқиғаға сол тұста полицейлер «Елрово» концерні басшылығының қа­тысы барын жария еткен болатын. Ал атал­мыш қылмысқа дейін 1999 жылы Қа­ра­ған­дыдағы Н.Әбдіров атындағы спорт са­райында жарылыс болып, аталмыш қор­дың сол кездегі вице-президенті Берік Жа­қып­беков жараланған болатын. Кейін полицейлер М.Боранбаевты атқан киллерлерді тапқан-тұғын. Олар Тәжікстанның үш азаматы болып шықты.
2001 жылдың ақпанында белгілі бокс­шы, Атланта олимпиадасына қатысқан, Азия және КСРО чемпионы 29 жастағы Бектас Әубәкіров оққа ұшты. Оқиға болған күні қаладағы «Офсайд» дәмханасында отырған боксшы мен достарының үстіне қарулы сегіз адам кіріп келіп, кафедегі өзге адамдар мен қызметкерлердің шығуын өтінген. Сол жерде баскесерлер Б.Әубәкіров пен кикбокстан спорт шебері А.Қорғанбаевты өлтіріп кетті...
2003 жылдың маусым айында киллер оғынан Қарағандыдағы бокс мектебінің директоры Р.Ордабаев көз жұмды. Бұл оқиға соңы да біраз шуға ұласып, қылмыс әлемі мен үлкен спорт өкілдерін жұмбаққа көміп кеткені анық.
Бұл тізімге түрлі кездейсоқ жағдай­ларда, жол апаттарында қаза тауып, елді еңіретіп кеткен саңлақ спортшыларымыз туралы да қосуға болады. Бір ғана Бекзат Саттарханов пен жақында ғана қаза тапқан Қанат Байшолақов ағамызды еске алсақ жетеді. Ел намысын қорғар ерлерімізді біз ел болып қорғай аламыз ба? Ол турасында нендей шаралар жүзеге асырылуда? Бұл сауал қашан да күн тәртібінде тұрары анық...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста